» » Баланың атын және тегін беру тәртібі

Баланың атын және тегін беру тәртібі

Бала – біздің болашағымыз. Ол дүниеге келген күннен бастап сол туған елінің азаматы деп танылады. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы» Кодексінің 63-бабында көрсетілгендей баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады. Сонымен қатар балаға ата-анасының келісімі бойынша бөлек жазылған жағдайда қосарланған ат беруге де рұқсат етілген, бірақ ол екі аттан аспауы тиіс.
Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі әр түрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-аналарының тілегі бойынша баланың тегі ұлттық дәстүрмен ескеріле отырып, баланың әкесінің немесе атасының атымен жазылады. Сонымен қатар балаға өзінің әкесінің аты тегі болған жағдайда, міндетті түрде бірінші тегі, одан кейін баланың атының жазылуына жол берілген, ал әкесінің аты жазылмайды. Баланың тегіне қатысты ата-аналарының арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, сот тәртібімен шешіледі. Осы кодекстің 64-бабында егер баланың ата-аналары заңды түрде бөлек тұрса және баланың өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені ата-ананың екіншісінің пікірін ескерместен, баланың мүддесіне орай шешілетіні түсіндірілген.
Баланың дүниеге келуі жаңа өмірдің бастауы. ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы» Кодексінің 189-бабы бойынша баланың тууы ол дүниеге келген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей тіркеліп, туу туралы куәлік беріледі. Сондықтан бала дүниеге келгеннен кейінгі оларды алғашқы құжаты туу туралы куәлікпен уақытында қамтамасыз ету ата-ананың парызы және міндеті. Соны ескерейік.
Б.Ұзынжасова,
Қармақшы ауданы жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ
бөлімінің бас маманы.
18 наурыз 2019 ж. 3 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031