» » » Ең арзан бас қайда?

Ең арзан бас қайда?

Сауалға төте жауап, ол мына бізде. Газеттің бетінде шындықты ойып тұрып жазған Дастанбек Садықтың әңгімесін менде жандандырайын. Рас, басты қадірлеуден қалып барамыз. Ол табаққа тартар қойдың басы емес, кәдімгі қазақтың бас киімі. Бажайлап қарасақ қазақтың бас киімі сауда да жүр, тақия кәде сыйда жүр. Мұндай ойды қозғауға мына жәйт түрткі болды. ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны, ұлты – қырғыз Гүлсия апайымызбен болған әңгіме көңілге ой тастады.
Осыдан біраз жыл бұрын әпкеміз қайын жұрттап туған жері Қырғызстанға барғанда ол жақтағы ағайындары «қонаққа қазақ келді» деп, күйеу балаға сый ретінде айырқалпағын кигізіп, шапанын жауыпты. Қазақ ағайынға бізден үлкен сәлем болсын деп тағы қалпағынан беріп жіберіпті. Ауылға қайтып оралғанда Гүлсия апамыз әлгі бас киімді орап жоғары сақтап қойса керек. Кейін кіші қызының айырқалпақты ауызғы бөлмеге шығарып тастағанын көріп, жаны ашып мұның себебін сұрағанда «қалпағыңызды қазақ кимейді ғой, несіне сақтап жүрсіз?» деген сөзі көңіліне тиіп кетеді. Осыдан кейін бас киімге деген сый құрметтің осынша жоғалғанына іштей қатты қынжылады. Әңгіме арасында ауылына деген сағынышын жеткізген әпкеміз, «сендерге тартуым болсын» деп, ұлттық бас киімін бізге сыйға тартты. «Айналайындарым қалпағым жерде қалмасын» деген бір ауыз сөзі бас қадірін ұқтырды.
Бір айта кетерлік жайт, Қырғыз елінде ұлттық бас киімді қорлағандарға І дәрежелі айыппұл салу енгізілген. Себебі ақ қалпақ заң жүзінде «мәдени символ» мәртебесін алған. Бәлкім бізге де осындай заң керек шығар...?
Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 тамыз 2020 ж. 998 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 221

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930