» » ТАБАҚ ТАРТУ — ТАМАША ТӘЛІМ

ТАБАҚ ТАРТУ — ТАМАША ТӘЛІМ

Қазақ халқында қонақты сыйлау, оған құрмет көрсету – адамгершілік парыз саналады. Дәстүрімізде үйге келген мейманды төрге шығарып, табақ тартудың өзіндік үлгісі бар. Табақ тартуда адамның беделі, туысқандық қарым-қатынасы, жасы назарға алынады.
Табақ тартудың бірнеше түрі бар: бас табақ – малға бата жасаған ақсақалға, құда-құдағи мен ағайынға, елге беделді, өнерлі кісіге тартылады. Бас табаққа ұсақ мал сойылса, бас пен жамбас, кәрі жілік, сүбе, белдеме екі омыртқа және ұлтабар, сирақ салынады. Егер, ірі қара мал сойылса, жарты шеке, жамбастың жартысы, қазы мен майлы қабырғамен жасайды. Сый табақ – көбіне әйелдерге, құдағилар мен құдашаларға тартылса, күйеу табақ – төс салынып, күйеу жігітке тартылатын табақ. Күйеуге ұсынылатын ең жоғары сый-құрмет. Күйеу табаққа төс, асықты жілік, белдеме, омыртқа салынады. Келін табақ – келіндерге арналған құрмет десек, қыз табақ – қыздарға арналады. Онда әдетте, бастың жақ сүйегі, тіл, жүрек пен бүйрек сияқты мүшелер болады. Ал, бас табақ пен сый табаққа қосып тартылатын жанама табақ – «қос табақ» деп аталады. Ол қадірлі кісілерге, ерекше сыйлы адамдарға, жолы мен жасы үлкенге тартылады. Айтулы табаққа еттің жұмсағы, қазы-қарта, жал-жая салынса, сыбаға табақты – «мынау сіздің табағыңыз» деп, қысқы соғымнан дәм тата алмаған құда-құдағайға, сыйлы қонаққа үйіне апарып беретін болған. Ошақ табақ – той-томалақ пен өлім-жітімде өздеріне қол ұшын созған, көмектескен адамға көрсетілетін құрмет. Тойға әзірлік жасалып, бір күн бұрын үй тігіледі. Оған арнайы мал сойылады. Күтім табағы – «ошақ табақ» аталады. Халқымыз кәделі туыстарға құрмет көрсетумен қатар, көрші-көлемін де жадынан шығармаған. Жаңадан көшіп келген көршісінің құрметіне мал сойып, бас пен жамбас тартқан. Қолындағы тәттісімен бөлісіп, көршісіне «ерулік табағын» апарады. Басқаға қарағанда, қазақ ұлтында салт-дәстүр ерекше қадірленеді. Соның бір айғағы – «сарқыт табақ». Белгілі себеппен қонаққа келе алмай қалған кісіге беріп жіберетін арнайы табақ. Бұл табаққа да мүше беделіне қарай кәделі сүйектер салынған.
Қазақ дәстүрі жөн-жосықты аспен де осылай реттей білген. Мұның астарында адамгершілік қасиет пен ғылыми негіз­деме жатыр. Бұл – қоғамдағы тәртіп пен бауы­р­малдықты, ынтымақты бекіте де нығайта түседі. Сондай-ақ, қоғам мүшелерінің қарым-қатынасын барынша дамытады.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».


29 қазан 2018 ж. 2 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031