» » » «ТЕНТЕК ТЕКЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ

«ТЕНТЕК ТЕКЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың бос уақытын мазмұнды өткізу және мәдени-рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында кент орталығындағы мектеп базаларында жазғы лагерь өз жұмысын жүргізуде. Осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыру аясында Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі жұмыс жоспарына сәйкес кент орталығында орналасқан С.Есқараев атындағы №27 мектеп жанындағы жазғы тынығу лагерінде демалушы оқушыларға арналған мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары балалардың қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және тәрбиелік мәні зор дүниелерді насихаттауға бағытталған «Тентек теке» атты балалар қойылымын сахналады. Қойылым барысында кейіпкерлердің қызықты оқиғалары, әсерлі көріністері мен тәрбиелік мазмұны балалардың ерекше ықыласын тудырды. Қойылым арқылы достық, тәртіптілік, үлкендерді құрметтеу, жауапкершілік пен ұйымшылдық сияқты адамгершілік құндылықтар кеңінен насихатталды.
Балалар қойылымды үлкен қызығушылықпен тамашалап, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне белсенді түрде үн қатысып отырды. Қойылым соңында ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңілкүйде тарқасты. Мұндай мәдени ісшаралар оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге, олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға және шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға оң ықпал етуде.
Сонымен қатар аталған қойылым №121, №26 орта мектеп жанындағы жазғы лагерь мен «Аққайың» бөбекжайбақшасында сахналанды.
«ҚТ» ақпарат
14 маусым 2026 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930