» » Өз-өзіне қол жұмсаған адамның жаназасы оқыла ма?

Өз-өзіне қол жұмсаған адамның жаназасы оқыла ма?

  

Дін өкілдері суицид жасап, Алланың аманатқа берілген жанын өз еркімен қиғандардың жаназасы оқылмайтынын айтуда. Шариғат бойынша тек ақыл-есі дұрыс емес адамның намазын оқып, оны ақтық сапарға шығарып салады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Көрнекі сурет. Фото: Ақ жайық

Қазір өзіне қол жұмсаған адамдарға имамдардың оқып жүргені мүмін мұсылмандардың жаназасы емес екен.

"Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсағандарға жаназа намазы оқылады. Өйткені кейбір адамдарда ауру бар, жын кіреді немесе ақыл есі дұрыс емес. Сондықтан жын кірген адамның ақыл-есі дұрыс болмай қалады. Біз өз-өзіне қол жұмсаған, сондай жағдайға барған адамдарға ақыл-есі дұрыс емес адамның дұғасын, жаназасын оқимыз", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, имам Бекзат Ақжігітіов.


Діннен аса қатты хабары жоқ қарапайым адамдар "жаназа шығарылады екен ғой" деп топшылауы мүмкін.

Бірақ, ол ақтық намазды оқып тұрған имам іштей "ақыл-есі дұрыс емес адамның дұғасын" оқуға ниет етеді.

Демек, дінімізде суицид жасаған адамның үкімі есі дұрыс адамның үкімімен пара-пар.

Жаназа намазының шарттары қандай?

1. Дүниеден өткен адамның мұсылман болуы.
2. Мәйіттің кем дегенді 3/2 бөлігі денесінің болуы.
3. Мәйітті жууға су жоқ болса, оған тәйәммүм алу.
4. Мәйіттің жамағат алдына көлденең қойылуы.

Егер де осы жоғарыда аталған шарттардың барлығы сақталса, дүниеден өткен адамға шариғатымыз бойынша соңғы жаназа оқылуға рұқсат етіледі екен.

Сондай-ақ, ел ішіне бүлік салғандар, соғыс ашқандарға, аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға ақтық намазы оқылмайды.

Дін өкілдерінің пайымынша, өмірден өткен адамның жаназасы оқылмаған жағдайда оның рухы қиналады.

"Сондықтан, көрер жарығы таусылып, арғы дүниеге аттанарда өмірден мұсылман болып өту әркімнің өз қолында екенін ұмытпаған абзал", - дейді мамандар.
05 желтоқсан 2018 ж. 2 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031