» » ОРАЗА ҰСТАУШЫҒА КЕҢЕС

ОРАЗА ҰСТАУШЫҒА КЕҢЕС

Мұсылман қауымы үшін ораза ұстаудың бірнеше шарты бар. Ораза парыз болудың бірінші шарты: Ислам, яғни мұсылман болу.  Себебі, кәпірге ораза міндеттелмейді. Өйткені, Исламға иман келтірмеген адамнан шариғат талабын орындауды талап ете алмайсың. Сондай-ақ кәпірдің ораза ұстау ниеті оның кәпірлігінен қабыл етілмейді.
Ораза парыз болудың екінші шарты: саналы, яғни ақыл-есі дұрыс болу. Расулаллаһтың: «Үш адамға күнә жазылмайды: ақылынан ауысқанға, ол қашан ақылына келмейiнше. Ұйықтап жатқан адамға, ол оянбайынша. Сәбиге, ол балиғатқа жетпейiнше», – дегеніне сай, есі ауысқан және есінен танған адамға ораза парыз емес. Оразада есі ауысқан адамға, ол тіпті жарты ай бойы ақыл-есінен айырылған жағдайда ораза парыз болмайды. Мәселен, оразаның басында ақыл-есінен айырылып, кейін қайта есіне келген адам оразасын жалғастырады әрі есі ауысуы себебінен ұстамаған күндердің қазасын өтейді. Ораза кезінде есінен айырылып, ораза біткеннен кейін ақылына келген жағдайда ұстамаған күндердің қазасы өтелмейді. Талма кеселіне ұшыраған адам Хақ Тағаланың: «Сендерден біреу науқас немесе жолаушы болса, ораза ұстамаған күндерін басқа күнде ұстайды», – дегеніне орай ол тіпті Рамазан бойы есінен танып талып жатса да, қаза күндерін толық өтейді. Тек таңертең ауыз бекітуді ниеттеніп, кейін талып қалған жағдайда ниеттенген күннің қазасын өтемейді. Ораза парыз болудың үшінші шарты: балиғатқа жеткен болу. Расулаллаһ: «Ұл-қыздарыңа, олар жетi жасқа толғаннан бастап, намаз оқуды үйретiңдер. Он жасқа толғаннан бастап намазға тұрғызыңдар. Әрi сол кезден бастап жататын жерлерiн бөлек етiңдер», – деген. Соған сай балиғатқа жеткен ұл-қызға намаз оқу да, ораза ұстау да – парыз болып саналады.
Балиғат жасына жетпеген баланың ауыз бекіту мәселесіне келер болсақ, оның оразасы дұрыс болады. Бұл жағдайда оразаның сауабы баланың өзіне және мұсылмандық тәрбие берген ата-анасына жазылады.
Ораза парыз болудың тағы бір шарты: оразаның парыз екенін білу. Хақ  Тағаланың бұйыртуымен еліміз тәуелсіздік алғалы бері халқымыз асыл дінімізге бет бұрды. Еліміздің түкпір-түкпірінен мешіттер салып, халықты имандылыққа шақыруда. Құдайға шүкір, айт мұсылманның мерекесі ретінде айт күндері – демалыс болып  жарияланды.
Енді оразаны бұзбайтын жағдайларға тоқталсақ, Оразаның тыйымдарын ұмытып істеп қою. Мұндай адамды көретін кісі оның ораза екенін есіне түсіріп, дереу тоқтатуға міндетті. Әйелге қарағанда, не ойланғанда және күндізгі ұйқыда шәует бөліну. Теріге май немесе көзге сүрме жағу. Көзге жағылған сүрменің дәмі өңеште сезілсе де ораза бұзылмайды. Сол секілді көзге дәрі тамызу, қас пен қабаққа май жағу да осындай. Ауызды шаюда, қатты ыстықта салқындау мақсатында басқа су құю. Һаашимнен жеткен риуаятта сахабалардың бірі: «Пайғамбардың ораза бола тұра шөлді не ыстықты қайтаруы үшін ыдыспен басына су құйғанын көрдім», – деп айтқанын жеткізген.
Күн ыстықта салқындау үшін жуыну, суға малту, киімді сулап кию үкімі де осындай. Суға малтығанда немесе шомылғанда аузы-мұрнына не құлағына байқаусызда су кету. Мисуакты қолдану. Оны түстен кейін де пайдаланудың зияны жоқ. Аамир ибн Рабиаа: «Пайғамбардың ораза бола тұра мисуак қолданғанын қанша мәрте көргенімді санай алмаспын», – деп айтқан.
Сәресінің уақыты шыққан соң тіс пастасын қолданудан тартынған дұрыс. Тіс арасынан шыққан қанның өңештен әрі өтпеуі. Хиджама жасату. Хиджама дегеніміз – емдік мақсатпен дененің ауырған орнынан қан алдыру. Өңешке шаң, шыбын-шіркейдің кіріп кетуі. Құлақ тазалау және құлаққа су кіргізу. Мұрыннан бөлініп, ауыз қуысына түскен шырышты жұтып қою. Сәресі кезінде қабылдаған дәрі дәмінің өңеште сезілуі. Тіс арасына көлемі ұсақ бұршақтан кішкентай, тұрып қалған тамақ қалдығын жұтып қою. Бұған сілекей үкімі жүреді. Мәжбүрлі түрде тіс жұлдыру. Алайда ішке қан мен дәрі кетпеуі шарт. Еріксіз түтін жұту. Белгілі бір себеппен ауыз ашуға ниеттеніп, бұл ниетінен қайту. Естен тану. Жүніп күйінде таң атыру оразаны бұзбайды. Бірақ таң намазы үшін ғұсыл құйыну парыз болып табылады.
Ал ораза мына жағдайда бұзылады:
Әдейі бір нәрсені жеп-ішу. Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау. Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту. Әйелімен жақындасу.
Иә, бұл ораза ұстаушыға айтқан басты деген кеңесіміз. Қадірі мың күннен артық қасиетті Рамазан айындағы оразамыз баршаға құтты болсын!
Нұрболат РАХМЕТУЛЛАЕВ,
«Ораз ахун» мешітінің имамы.
04 мамыр 2019 ж. 1 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031