» » Оразаға қарыз күндерді қалай өтейміз?

Оразаға қарыз күндерді қалай өтейміз?


Ораза күндерінде түрлі жағдайларға байланысты қарыз болып қалған күндердің өтеуі қалай болады? Ораза айт күндерінен кейін ауыз бекітіп, қарыз күндерін өтеуге бола ма? Осы тақылеттес сауалдар көпшілікті толғандырып жүргені рас. Керек болар деген оймен осы сұраққа толығырақ жауап іздеп көрелік:
Ханафи мәзһабы бойынша рамазан айынан қалған қарыздарды өтеу уақыты шектелмеген. Тек ораза айтының бірінші күні мен құрбан айттың барлық күндері өтемейді. Олай болған себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бірнеше хадисінде Рамазан айтының бірінші күні ораза ұстаудан тыйғандығы айтылады. Атап айтсақ «Сахих Бухариде» риуаят етілген хадисте сахаба Әбу Сағид: «Алланың Елшісі ораза айты мен құрбан айтында ораза ұстаудан тыйды ...», – дейді. Ендеше осы оразадан қалған қарызды айттың екінші күнінен бастап ұстай берсеңіз болады. Айттың бірінші күні қандай да бір ораза ұстау – мәкрүһ, харамға жақын. Оның мәні мынада болса керек: отыз күн Алла разылығы үшін ішіп, жеуден өзін тыйған кісінің айт күні қуанышқа бөленетін күні. Отыз күн бойы оразасынан кейінгі үлкен бір «ауыз ашары» іспетті. Сондықтан, оны «Ғидуль Фитр» яғни «Ауыз ашар мейрамы» деп те атаған.


anabol.kz

Толығырақ: https://alashainasy.kz
01 сәуір 2019 ж. 2 088 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031