» » ОРАЗАНЫҢ ПАЙДАСЫ

ОРАЗАНЫҢ ПАЙДАСЫ

Біле білгенге оразаның пайдасы жетерлік. Денсаулық жағынан келгенде күйзелістен сақтайды, күш-қуатты арттырады, есте сақтау, зерде қабілетінің жұмысын жақсартады. Жаңа клеткалар пайда болып, ағза жасарады. Бүйрекке, өтке құм-тас жиналудың алдын алады. Төзімділікке, сабырлылыққа, қанағатшылдыққа үйретеді.
Рухани жағынан адам баласы Алла Тағаланың ризашылығына бөленгісі келеді. Мейірімін, қамқорын күтеді. Өмірге сеніммен, үмітпен қарауға мүмкіндік алады. Адалдық пен саналылықты жанына серік етеді.
Бірде ораза ұстаушы Ома Бухлер: «Ораза тұтушының қарны ашпайды, аштық жариялаушы ашығады» деген. Шетелдік дәрігер Гелмут Лутзнер өзінің әйгілі «Ораза арқасында өмірге қайта келу» кітабын жазған. Мұнда ол: «Алғашқы ашығу-емделу сеанстары, зиянды заттардың денеден бөліну сағаты» деп атап көрсеткен.
Шындығында Алла Тағала хақ. Мұсылман қауымының сүйенері де ұлы қамқоршысы бір Жаратқан иеміз. Ол Ұлық. Серігі жоқ. Туылмады да, тумады. Бұл тұрғыда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім ораза тұтса және Алла ризалығы үшін шын ықыласымен мақтанбай тараух намазын оқыса, Алла Тағала оның тіршіліктегі күнәларын жаңа туғандай тазартады», – деп өсиет еткен.
Ораза айы мүбәрәк болсын, ағайын!
С.РАЙЫМБАЕВА.      
12 маусым 2018 ж. 1 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 488
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930