» » Алғаш рет Ораза ұстайтындарға 7 кеңес

Алғаш рет Ораза ұстайтындарға 7 кеңес

Мұсылмандар үшін ең қасиетті Рамазан айының басталуына санаулы күн қалды. Шын мәнсінде бұл үлкен қадам. Осы қадамын жеңіл әрі сауапты өткізуіңіз үшін білген ақпаратымызбен бөлісуді жөн көрдік. Сонымен «биыл ораза ұстасам» деп ниет еткен жандар үшін кеңесімізді ұсынамыз:
  1. Оразаның басты мұраты рухани қуаттану
Ораза айында біліміңізді тередетуге, рухани құндылықтарға мән беруге тырысыңыз. Сондықтан Оразаның сауабы, рухани маңызы мен денсаулыққа пайдасы туралы кітаптар, хадистер оқыңыз. Дұғалар жаттап, иман жолына бет бұруға маңызды қадам жасаңыз.+
  1. Сауапты іс жасау
Рамазан айында құлшылық етіңіз, дұғалар оқыңыз, ізгі амал істеріңізді көбірек жасаңыз. Бұл қайырымдылық жасасаңыз, сауабы мейлініше мол болмақ. Сондықтан өзгелерге жақсылық жасау мүмкіндігін қалт жібермей, уақытыңызды барынша ұтымды пайдаланыңыз. Бұл үшін әлеуметтік желіге, таныстарыңызбен бос әңгімеге, пайдасыз іске уақытыңызды шығындамаңыз.       +
  1. Жаман әдеттен бойыңызды аулақ ұстаңыз
Ораза ұстаудың басты шарты ас-судан тартыну емес, жаман әдеттерден бас тарту. Ораза ұстап жүріп, өсек-аяң, ғайбат айту сияқты жаман әдеттерге бой ұрындырсаңыз, оразаңыз қабыл болмайды. Біреуді ғайбаттау, зеку, ұрыс-керіс, жанжалдасу, өтірік айту сияқты теріс қылықтарыңызды сап тию мүмкіндігі туындағанда, жақсаруға тырысыңыз.  +
  1. Оразаға дайындық
Оразаны бұрын мүлдем ұстамасаңыз аздаған айындық жасаңыз. Қазір Ораза басталмай тұрып бірнеше күн ауыз бекітсеңіз, өзіңізге оңайырақ болады. Ораза ұстаудың жеңіл екенін білгенде бойыңызда сенімділік пайда болып, ораза ұстаудың қуанышын сезінесіз.    +
  1. Қиындықтан қорықпаңыз
Күннің ыстығы, аптап күн, күндіз ас-сусыз жүру сізді қорқытпасын. Пендеуи тірліктің ұсақ-түйегі сізді алаңдатпасын. Шын мәнсінде сіздің ерік-жігеріңіз, санаңыз, рухани қуатыңыз одан әлдеқайда мықтырақ. Алла өз құлдарына оның мүмкіндіктерінен асырып сын бермейтінін есте ұстаңыз.  +
  1. Ауыз бекіту, сәресін ішу қуанышын бөлісіңіз
Ауыз бекіту, сәресін ішу сияқты ритуалдар өзіңіз сияқты иманды жандарды біріктіре, рухын күшейте түседі. Мұндай жиындарда айылатын ғибратты әңгімелер бауырмалдыққа, ынтымаққа, иманның күшеюіне ықпал етеді.+
  1. Бұл Қасиетті айға ықыласпен, өз қалауыңызбен келіңіз
Ораза сәнді тренд немесе қоғамда жеңілдік алатын себеп емес, өз жүрек қалауыңыз. Сондықтан да Ораза ұстауыңызды ешкімге міндетсінбей, мейлінше қарапайым болуға тырысыңыз. Жамандықтан тиылып, Жаратушыға бір қадам жақындай түсу мүмкіндігін пайдаланамын десеңіз еш шектеулер мен сылтаулар сізге кедергі болмайды.       
14 мамыр 2018 ж. 1 828 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 00:21
Allergic To Amoxicillin Hereditary Comprare Viagra Sin Receta Buy Viagra Prescription Online viagra Elocon Mastercard Online Free Doctor Consultation

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031