» » ТҮНДЕРДІҢ ТӨРЕСІ – ҚАДІР ТҮНІ

ТҮНДЕРДІҢ ТӨРЕСІ – ҚАДІР ТҮНІ

Исі мұсылман үшін Рамазан айының орны бөлек. Бұл айда адамзат баласы ғибадат-құлшылығын арттырып, барға қанағат, шүкіршілік етеді. Оразаның соңғы он күндігінде мұсылман жамағат Қадір түнін күтеді. Қадір түнінде Құран түсе бастаған. Бұл түннің қадір-қасиетін адамзат баласы өз ақыл-парасатымен біле алмайды. Бұл айда періштелер жерге түсіп, адамдармен бірге тілек тілейді. Таң атқанға дейін Алла Тағаланың рақымы түседі. Қадір түні мың айдан артық.
Кеше Қадір түнінде мұсылман жамағаты Жосалы кенті орталығындағы «Ораз ахун» және «Қармақшы ата» мешіттеріне болып, Алла Тағалаға құлшылық жасады.
Осылайша, тағы бір Қадір түнін халқымыз береке, бірлікпен, ынтымақпен өткізді. Мың айдан қайырлы, түндердің төресін көруге нәсіп еткен Алла Тағалаға мың да бір шүкірлік.
С.АҚКІСІ.    
12 маусым 2018 ж. 2 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 673
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 429

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031