» » Оразаны қанша жастан бастап ұстаған дұрыс?

Оразаны қанша жастан бастап ұстаған дұрыс?


Оразаны қанша жастан бастап ұстаған дұрыс?
 Соңғы кездері ораза ұстаушылардың қатары жыл өткен сайын жасарып барады. Тіпті алты-жеті жасар балдырғандардың отыз күн оразасын қаза етпеуге тырысып, мұсылмандық парызын өтеуге ұмтылғандарын көріп, жастайынан иманды бойына серік еткен кішкентайларға еріксіз қызыға қарайсың.
Негізі, ораза – исламдағы бес парыздың бірі. Оны ұстау – әрбір мұсылманға парыз. Соның ішінде оразаның шарты бойынша қарт, яки әлсіз адамдарға, науқастарға, емізулі баласы бар аналар мен сапардағы адамдарға, жүкті әйелдерге ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Ал балаларға ше? Негізі, оразаның қағидасы бойынша балиғат жасына толғаннан бастап ораза ұстауға рұқсат берілген. Соның ішінде қыз балалар 9 жастан бастап, ал ер балалар 12 жастан бастап ораза ұстауына болады. Ендеше «бүгінде алты-жеті жастан бастап мұсылмандық бес парыздың бірі – оразаны ұстауға ұмтылғандардың әрекеті қаншалықты дұрыс?» деген сауал төңірегінде мамандарды сөзге тартып көрген едік.
Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының аппарат басшысы:
– Барлық мұсылман қауымына балиғат жасына толғаннан бастап ораза ұстау – парыз. Балиғат жасы ер балаларға 12 жас болса, қыз балаларға 9 жас болып есептеледі. Ал балалар осы көрсетілген жастан ертерек ораза ұстауға ниеттенсе, онда 30 күн бойына күн ұзаққа емес, үйрету мақсатында ертерек аузын аштырып, немесе басқа да жеңілдіктермен баланы оразаға үйрету мақсатында жасауға болады. Немесе бір күн ораза ұстатып, бір күн демалдырып немесе балаларға түске шейін ғана ауыз бекіттіруге болады. Мұның бәрі баланың балиғат жасына толғанға дейінгі дайындығы болып есептеледі. Ал кішкентай бала қиналатын болса, мүлдем ұстатпаған дұрыс. Жалпы, медициналық тұрғыда баланың ораза ұстауынан оның денсаулығына төнер соншалықты қауіп-қатер бар деп айта алмаймын.
Діни басқарманың өкілі: «Жас балаларға ораза ұстау парыз емес. Бірақ баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей түрде балаларды да бірте-бірте оразаға үйреткен жақсы», – дейді. Ал бұған медицина қызметкерлері не дер екен?
Ләйлә ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры:
– Психологиялық тұрғыдан сана-сезіміне қоса, физикалық тұрғыдан әлі дене мүшелері толық жетіліп болмаған баланың ораза ұстауына дәрігер ретінде қарсымын. Оның үстіне, қазіргі таңда көптеген баланың асқазаны ауырады. Ораза одан сайын оның асқазанына күш түсіруі мүмкін. Дене мүшелері толық өсіп жетілген үлкендердің ораза ұстауына қарсы емеспін. Ал енді жетіліп келе жатқан баланың организмі ұдайы түрлі дәрумендермен қатар, құнарлы тағамдарды ішіп-жеуді қажет етеді. Оның үстіне, бүгінде жас балалардың өзінде түрлі аурулар кездеседі. Сондықтан оразаға ниеттенушілердің 14-15 жастан бастап ораза ұстауын жөн санаймын. Олар ораза ұстаған жағдайда ас қорыту жүйесінің жұмысымен қатар, ішкі мүшелерінің қызметі де бұзылуы ықтимал. Сондықтан егер ата-ананың баласына ораза ұстатуға ниеті болса, алдымен маман-педиатрдың кеңесіне жүгініп, баласының денсаулығы оразаға қаншалықты жарайтынын тексерткені жөн.
Мамандар осылай дейді. Ораза тек ішіп-жеуге ғана емес, ғайбат сөзді сөйлемей, ауыз оразасын жасауға, түрлі өсек-аяңдарды естімей, құлақ оразасын, сондай-ақ күнәлі нәрселерге қарамай, көз оразасын жасауға ниеттендіреді. Сондықтан үлкеннің де, кішінің де бойына имандылық нұрын құяр ораза айы құтты болып, ораза ұстаған жанның оразасы қабыл болғай!

13 сәуір 2019 ж. 1 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031