
Мылқау мұң…
Қанатынан қан тамшылаған көгершінді жабайы мысық жұлмалай бастағанда бойымда әлсіз ғана қарсылық оянды. Қарды нығыздап, шұбарды көздедім. Дөңгелек пішінде жұмырланған қар ашыққан шұбарға соққы болып дарымады. Арқа жақтауы сынған орындықтың тақтайын шегесінен босатып алмақ болып жанталастым. Басын шайқаған...



















