» » ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

Қасқыр аң патшасы арыстаннан әлсіз болса да, циркте өнер көрсетпейді. Жан-жануарлардың ішінде қолға үйренбеген бір аң болса, ол – қасқыр. Әйтпесе, арыстанның өзін қолға түсіріп, торға қамайтын қалың ел оның талай қызығын тамашалаған емес пе?! «Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген атам қазақтың даналығы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің кешегі «Көксерегінен» де көрінді ғой. Құрмаш асыраған бөлтірік кейін қойына шауып, өзін таламап па еді?! Айтып-айтпай не керек, қасқыр тектес мінезділер жалпы адамзат баласы арасында азайды. Ол да ұлылықтың ұсақталып кеткенімен астасып жатса керек.

Сонау 90-жылдардағы тоқырау кезінде елді елең, Алашты алаң қылған мәселе – халықтың көпшілігі тура жолдан тайып, бұзақылыққа бет алғаны еді. Тонау, ұрып-соғу дегеніңіз үйреншікті әдетке айналған. Тіпті, «90-жылдардың балалары» деген де фильмнен көзкөргендердің айтқысы келген ойын да ұғындық. Осы кезеңдерде Алматыда пәтер ұрлығы өршіп кеткен деседі. Тіпті, тонаудан соң иесі келгенде алыпсоқ алабайлардың өзі қаншық иттей қың­сылап, боса­ғаның астынан шығады екен. Кей­бірі тірі қалса, ал кейбірі тіпті сеспей қататын көрінеді. Құқық қорғау органдарының өзі «апам да аң-таң, мен де аң-таң» деп, жұмбақтың шешімін таппай дал болады. Мұндай да қасқырдың қасиеті кімнің ойына келсін?! Әншейінде ойда жүретініңіз қапелімде қаперден шығып кететіні бар ғой. Кейін, ұрылар қолға түскен соң олардан тәркіленген заттардың арасында қасқырдың көтенішегі жүр екен. Оны қақпаның саңылауынан ішке қарай жылт еткізсе болғаны, ит икемге келмей қалады-мыс. Осыдан соң қолының сұғанағы барлар, емін-еркін өз үйіне кіргендей тірлігін бітіріп, жөніне кете береді. Мұнан түйетініміз не?! Қасқырдың қасиеті туралы тақырып тиегін ағытқанда, бұл оқиғаны айналып өтпеуді жөн көрдік.
Сонау бір кездері қасқырдың сырттанынан тұқым алып қалуды қалаған жұртшылық қартайған тазыны жапан түзде қалдырып кететін болған. Қасқыр кәрі қаншыққа ынтық болады дейтін бе еді, соның негізі осы шығар?! Кейін тазы арқылы қасқырдың тұқымын алады. Қазір иттің сырттанын табу қиынға соғады. Тазының таза қандысын табу қиын. Көбісін көшеде қаңғыбас иттердің арасынан көретін болдық. Рас әңгіме. Баяғыдай саятшылық құра­тын­дар азайған соң шығар, бәлки. Сондайда қасқырдан қашқан ит арқылы тұқымын бір тазартып алған деседі.
Қақпаншы Камалбек Бектібаев талай рет түз тағысын қолға түсірген еді. Соның бірінде ол қаншықтар асыраған арлан туралы оқиғаны әңгімелеп берген.
– Он-он бес күн құрып қойған қақпаныма бармай кетіп ем, бір күні барсам, арлан қасқыр түсіпті. Байқасам, сол он бес күн бойына әлгі арланды қаншықтары тамақ тасып асырапты. Өзі бір абыройлы қасқыр болса керек, таң қалдым, – деген кәнігі қақпаншы жөткірініп алды да, әңгімесін қайта жалғады. – Қасқыр – ең айлакер аң. Ақылдылығы сонша, ол жемтігін жеген жерге келген ізімен емес, шыққан ізімен қайтып келеді. Осынша жыл соңына түсіп, талай қызықтарға куә болдым. Ең бастысы, оның көзіне тіке қарау керек. Бойыңда қорқыныш болса, оны көзіңнен біліп, танып отырады. Қасқырдың көзіне тіке қарау үшін бойыңда батылдық болған жөн.
Ертеректе ата-әжелеріміз мал баққан сәттерінде сан мәрте түз тағысымен бетпе-бет келіп, от жағып, сол отпен үркітіп, аман қалатын болған. Жәмилә әжем мен Спандияр атам талай қызықты оқиғаларын жіпке тізгендей айтып беретін. Бала болған соң, есте қалмапты. Әйтпегенде, қасқырмен бет­пе-бет келіп, жекпе-жек шыға­тын­дардың көбі малшылар болған.

Аян СПАНДИЯР.  
27 қараша 2018 ж. 7 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031