» » Нағыз әйел қандай болуы керек?

Нағыз әйел қандай болуы керек?

Ендеше, нағыз әйел қандай? - Нағыз әйел комплименттерді қабылдай алады. «Жақсы көрінемін бе?» - Сүйіктім, мен жәй ғана жақсы емес, керемет көрінемін!» - Нағыз әйел өзінің сұлулығы жайлы өзгеден сұрап-білмейді. Нағыз әйел шаш түсін өзгертіп, өзгелердің мазасын ала бермейді: «Қалай екен?» Оның орнына «Ал, қараңыздар, қалай әдемі шықты!»  Ал бұған кім қарсы шыға алады? - Нағыз әйел күле біледі. Оның күлкісін көрген әр адам бұл күлкінің өзіне арналғанын біледі. Ол әркез мұңайып, қабағын төмен түсірмейді. Еркелей алса да, көңілін түсірмейді! - Нағыз әйел өзінен ештеңе де аямайды. Нағыз әйел әрқашан таксимен жүруге, тіпті бір айлыққа етік сатып алу құқығы бар. Себебі әйел бірінші кезекте өзін сүйеді. Ал өзін сүйген адамды өзгелер неге сүймесін? - Нағыз әйел өз түр әлпетіне қатысты қандай да бір сынға абыроймен жауап бере алады. - Нағыз әйел күлкілі болып көрінуден қорықпайды. Егер әйел өзінің сымбаты мен сәніне сенімді болса оған ешқандай да жағдаят қорқыныш емес. Ол әркез де сұлулығын жоймайды. - Нағыз әйел ешқашан ештеңеге өкінбейді. Ол әр қателіктен өзіне сабақ ала біліп, жеңілістен де пайда ала біледі. Керексіз естеліктер мен қажеті жоқ заттардан оңай құтылады. - Нағыз әйел ешкімді де қызғанбайды. Қызғаныш бақталастықтың барын білдіреді. Ал нағыз әйел ешкіммен бақталаспайды. Ол өзінің бірінші екенін ұғады. - Нағыз әйел өзгелердің арқасында абырой жинамайды. Оған жетістікке жету үшін ешқандай да көмектің қажеті болмайды. - Нағыз әйел қай кезде болмасын, өзінің шынайылығын жоғалтпайды. Өзі мінсіз болса, жасанды қылықтың не қажеті бар? - Нағыз әйел майда-шүйдеге уақыт жоғалтпайды. Ол кемшілігін ешкімге де жария етпейді. Линза тағатыны немесе көйлекті жалға алғаны кімге керек? Бұл бекер өсектен артық емес. - Нағыз әйел өзінің мұқтаж екенін көрсетпейді. Тіпті жұмыста көп отырып қойса да, ұйқысы қанбай қалса да ол өз жекелігіндегі жағдай. Ішкі «асхана» сол үшін де «ішкі» болып қалу керек. - Нағыз әйел мінез көрсетпейді. Ол әрқашан да абыройын бірінші кезекте ойлайды. Жүйкесіне де сызат түспеген! - Нағыз әйел ханзадасын құрмет тұтады. Жігіттердің өзіне деген қызығушылығын арттыру әдісін Фиджеральд «Верониканың шашы» әңгімесінде жария етеді: Әйел адам өзіне қызығушылық танытқан әрбір адамға құрметпен қарай білу керек. Тіпті жігіт еш қызықтырмаса да оған кетәрі қылық танытпайды. Ал іштей ұнатпайтынын ешкімнің де білуі қажет емес. - Нағыз әйел күмән мен күдіктен ада. Нағыз әйел өмірден ләззат алып, өзін мінсіздікке қарай жетелейді.

14 маусым 2018 ж. 2 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031