» » Адамзат тарихындағы ең қатыгез үш әйел

Адамзат тарихындағы ең қатыгез үш әйел

Адамзат тарихындағы ең қатыгез үш әйел
Психологтардың айтуы бойынша, ерлер секілді әйелдер де ең қатыгез, қанышер атанып, жауыздықпен адам өмірін қиюға барады. Біз сіздерге адамзат тарихында осындай кешірілмес күнәға батқан үш әйел туралы айтып береміз.
1. Ирма Грезе (1923-1945). Германиядағы демалыс орындарында қылмыс жасаған дөрекі, аяусыз қанішердің бірі. Ол тұтқындарды физикалық жағынан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да қинап, қорлаған. Әсіресе, әйелдерді өлімші етіп сабаған. Көңіл-күйін көтеру мақсатында адамдарға оқ атқан. Жәбірленушілеріне қарсы жіберу үшін, иттерін аш ұстаған.
2. Белл Ганнес (1859-1931). Бұл америкалық азаматша АҚШ тарихындағы ең қанішер әйел ретінде танымал. Өзінің екі күйеуін, туған қыздарын және көңілдестерін өлтірген. Басты мақсаты − өз өмірін сақтандыру үшін қыруар қаржы жинау. Оның мойнында 30-ға жуық адамның өмірі бар.
3. Эржебет Баторий (1560-1614). Венгриялық азаматша. «Қанішер бикеш» деген атпен танымал. Қызметшілерін қинап, зорлық-зомбылықпен өлтірген. Адамның екі қолын, бетін, тіпті, бүкіл денесін ыстық темірмен күйдірген. Жәбірленушілердің тірідей терілерін сыпырып, аш ұстап, мазақ етіп қорлаған. 1610 жылы адам өлтірді деген айыппен үй қамауына алынған. Оның тұтқындап, қинап өлтірген адамдарының санын ешкім де дөп басып айта алмайды. Кейбір таныстары 40-50 адам өлтірді десе, кейбірі жүздеген өлі денелер шығарылды дейді. Өмірінің соңында Баторий 1614 жылы өз-өзіне қол жұмсап, жарық дүниемен қоштасты.
30 наурыз 2018 ж. 1 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031