» » Тарихтағы ең жауыз балақайлар

Тарихтағы ең жауыз балақайлар

Адам өлтірушілер жайлы ойлағанда денең мұздап сала береді. Ал оны жасаған кішкентай бала екенін білгенде не ойларыңды да білмейсің. Жазғалы отырғаным да осы, тарихтағы ең сорақы адам өлтіруші балалар жайында.
1. Джон Венейблс пен Роберт Томпсон небәрі 10 жаста болса да өмір бойына бас бостандығынан айырылған балақайлар. Олардың қылмысы Британияны дүр сілкіндірген. 1993 жылдың 12 ақпанында екі жастағы Джеймс Булгердің анасы баласын ет дүкенінің алдына қалдырып, өзі саудаласуға кеткен. Алайда баласын соңғы рет көріп тұрғанынан бейхабар еді. Осы сәтте Джон мен Роберт дүкеннің жанында ұрлық жасап жүрген болатын. Кішкентай Джеймсті көрген олар оны ұрлап темір жолға әкеледі. Таяқпен өлімші етіп сабап, краска шашып, кірпішпен ұрып, тас лақтырып азаптаған соң поезд астына тастаған. Бірақ кішкентай бүлдіршін оны поезд басып өткен соң ғана көз жұмған екен.
2. 15 жастағы Алиса Бустамант өзінің кішкентай көрші құрбысын өлтіріп денесін жасырып қойған. Бұл қылмысты алдын ала жоспарлап, 21 қазанда қызға шабуыл жасаған. Бірнеше жерін пышақпен жаралап, тұншықтырып, ақыр соңында бауыздаған. 4 сынып оқушысы Элизабетті аяусыз өлтірген Алиса, өз қылмысын мойындап полиция қызметкерлерін денесі жасырылған жерге алып барған. Оның айтуынша адам өлтіргенде қандай сезімде болатынын білгісі келген екен.
3.1983 жылы Синди Кольер мен Ширли Вулф көңіл көтеру үшін кезекті құрбанын іздеуді бастайды. Бір күні олар белгісіз үйдің есігін қақты. Үйден жасы келген әйел шығып, 14-15 жастағы сүйкімді қыздарды еш күдіктенбестен кіргізеді. Бір шыныаяқ шәй ішіп, әңгіме-дүкен құрып болған соң, Ширли әжейдің мойнынан қысып ұстап тұрады. Ал Синди асханаға барып пышақ әкеледі. Осылайша олар қарт кісінің 28 жерінен жарақаттап өлтіріп, оқиға орнынан іздерін суытады. Алайда уақыт ұзамай қолға түсіп, тұтқындалады.
 Топтастырған Айнұр ӘЛИ
26 наурыз 2018 ж. 2 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031