» » Есімін жасырған азамат әлемде ең үлкен сурет салды

Есімін жасырған азамат әлемде ең үлкен сурет салды


АҚШ-Мексика шекарасында, Сан-Диего ауданында осы жылдың күзінде есімі жасырын суретші жерге әлемдегі ең үлкен суретті салып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CBS News басылымына сілтеме жасап.
Өзін «кішкентай» немесе JR деп атайтын суретші бұған дейін әлемнің 140 еліне өз туындысын салған болатын. Галереялар емес, көбінесе, көшелер, жерасты жолдары, ғимараттар мен шатырлар оның сурет алаңына айналған.
Ал мына сурет 64 фут аймаққа жайғасқан, Кикито есімді мексикалық балақайдың бейнесі. АҚШ шекарасындағы тәртіп сақшылары суретшіге қарсылық білдіре алмаған. JR салған суреттер ешбір адамның назарынан тыс қалған емес. Соңғы 14 жылда талантты суретші әлем халқын таңғалдырумен келеді. Осыған дейін ол Кубада Кастроның суретін, Нью-Йорк тротуарына және Стамбұл ғимараттарына, Тунис көшелеріне өз қолтаңбасын қалдырып кеткен. Ол үнемі тәртіп бұзушылардың назарына ілініп, басын қауіпке тігеді.
JR-дың шын аты белгісіз. Көпшіліктің алдында ол ешқашан көзілдірігі мен бас киімін шешпейді, осындай құпияларымен де елді қызықтыратыны анық. JR-дың 35 жаста екені және Тунис иммигранттарының отбасында Францияда дүниеге келгені ғана белгілі. Және ол өз суреттерінде тек өмірде болған немесе дәл қазір өмір сүріп жатқан адамдарды бейнелейді, ойдан шығармайды.

19 наурыз 2018 ж. 1 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031