» » Майғазиев 15 жыл бала сүйе алмаған кезінде тоқал алу мәселесі туралы ойланғанын ашық айтты “Әйелім тоқал әперем деп масқара қылды”

Майғазиев 15 жыл бала сүйе алмаған кезінде тоқал алу мәселесі туралы ойланғанын ашық айтты “Әйелім тоқал әперем деп масқара қылды”

Сәкен Майғазиев тоқал алу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Көп әйел алу арқылы қазақтың санын көбейту керек деген Сәкен бір кездері өзінің де екінші әйел алу туралы ойлағанын жасырмады. Ата тарихымыздан мысал келтірген танымал әнші әріптесі Мейрамбек Бесбаевтың ел білмейтін құпиясын ашты.

Бұл туралы Майғазиев Hit-TV арнасына, Нұржан Аташтың авторлық бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.
Майғазиев 15 жыл бала сүйе алмаған кезінде тоқал алу мәселесі туралы ойланғанын ашық айтты. Тіпті, күйеуінің ұрпағын ойлаған жары Динара бұл туралы өзі ұсыныс тастаған көрінеді.
“Бала сүйе алмай жүрген кезде әйелім тоқал әперем деп масқара қылды”, – дейді Сәкен ағынан жарылып.
“Кез келген адам көпбабалы болғысы келеді. Бірақ қазір бір-бірін дұрыс түсіне салатын заман емес. Отбасың қабылдаса да, қоғам қабылдай алмайтын заманда өмір сүріп жатырмыз. Бәйбішесі мен тоқалы жақсы түсінісіп жүрген шығар, олардың сыртынан ғайбаттап жатамыз. Екі әйел, үш әйел, төрт әйелді бір-біріне бойұсындырып жүрген атқамінерлерді көрген кезде қызығамын, тіпті қызғанамын. Біз демографияға қандай үлес қосып жатырмыз деп өзіме ренжимін.
Ол ер азаматтан гөрі әйелдің ақылдылығынан. Сен қанша жерден тепсе темір үзетін мықты азамат болса, әйел ақымақ болса бәрі гәп. Астыңдағы тұлпарың жақсы болса, бір – бақыт, алған жарың жақсы болса, мың бақыт дейді. Сол сияқты шариғат бойынша төрт әйел алса, төртеуі де жақсы түсінісіп жатса, ол әйелдің ақылдылығынан”, – дейді Майғазиев.
Бұдан өзге, “Музарт” тобының әншісі әріптесі Мейрамбек Бесбаевтың отбасына қатысты құпияның шетін шығарды.
“Мысалы, кешегі Бәйдібек бабамыз Домалақ ананы алмағанда 40 рулы ел тарайтын ба еді? Қазақтың бір ғана Абайын алайық. Өзіміздің Мейрамбекті алайықшы. Мейрамбектің әкесі атасының екінші әйелінен туған. Егер де Естай атамыз Әбіләшім әкеміздің анасын екінші әйелін алмағанда, қазақтың Мейрамбегі болмас еді ғой. Мысалы, Сейфуллин Жолбарыс ағамыз да қателеспесем екінші не үшінші әйелінен тараған. Бірақ Сейфуллин: “Бәйбішенің барлық балаларымен араласамын. Керек болса аяқтандырдым қолымнан келгенше, үй алып бердім. Олар менен ешқандай қорлық көріп жатқан жоқ”, – дейді. Яғни ол адамның санасына байланысты”, – дейді Майғазиев.

25 сәуір 2018 ж. 1 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031