» » ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сол себепті ҚР Президенті өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті.


Сыбайлас жемқорлық қоғамға тек зиянын тиігізіп қана қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет. Бір қорқыныштысы, сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдың алуға бағытталған және әкімшілік реформалар-мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге баса назар аударылған. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Содан бері мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді, олардың жұмыстары бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді.

Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын түсіне отырып, сыбайластыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмалар берді. Осының нәтижесінде мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады.

Сыбайлас жемқорлыққа деген қоғамның немқұрайлылығы және төзімділігі, адамдармен қоғамдық мүддеге қауіп емес, мінез-құлық нормасы болып қабылданып кеткен сыбайлас жемқорлық, құқықтық мемлекеттің құрылған фундаментін бұзуға бейімделген бақылаудан шыққан күш болуының кепілдігі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу үшін барлық мемлекеттік органдарымен сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу қажет. Қазақстан мемлекеттік саясатының негізі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет. Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және оны әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты.

Осыған орай 2014 жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Рес­пу­бли­касының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
А.ЕРЖАНОВ,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ бас маманы.
04 желтоқсан 2018 ж. 2 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031