
Бесіктен безу немесе қоқыстағы құндылық
Соңғы жылдары ешбір елде болмаған, қазақтың қазақтығына жат қылықтарды естіп-көріп жүрміз. Тіпті өзгерістерге таң қала қоймайтын болдық. Жүрегіміз де тасқа айналып кеткендей ме? Әйтеуір, бейқамбыз. Әлеуметтік желіні ақтарып отырып, қоқыстағы бесіктің суретін кездестіріп қалдым. Бұл көрініске бейғамдық...
















