» » Төретам кентінің газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы: кемшіліктер жойылып, жоба сапалы аяқталды

Төретам кентінің газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы: кемшіліктер жойылып, жоба сапалы аяқталды


"Төретам кентінің газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы" жобасы бойынша сапа стандарттары мен техникалық талаптарға сәйкестіктін қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстарының соңғы нәтижелері мұқият қаралып, бірқатар кемшіліктер тіркелді. Осы кемшіліктерді жою және жобаны толықтай аяқтау үшін Қызылорда облысы бойынша Сот сараптама орталығына жүгініп, арнайы тексеру тағайындалды. 2024 жылдың 12 шілдесінде №43 сот-құрылыс сараптамалық қорытындысы беріліп, жобаның кейбір техникалық аспектілеріне қатысты нақты кемшіліктер көрсетілді.

«Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Насырадин, Төретам кенті әкімі Ғ.Елеусінов және сала мамандары тарапынан мердігер мекемеге аталған сараптама қорытындысына сәйкес барлық кемшіліктерді жою туралы ресми тапсырмалар берілді. Мердігер мекеме берілген нұсқаулықтарды орындап, құрылыс жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған қажетті түзетулер енгізді. Нәтижесінде, кемшіліктер толығымен жойылып, құрылыс нысаны қазіргі уақытта барлық талаптар мен нормаларға сәйкес қалыпқа келтірілді.

03 қазан 2024 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930