Конституция
» » Аудан басшысы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, мердігер мекеме басшыларымен кездесті

Аудан басшысы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, мердігер мекеме басшыларымен кездесті

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жосалы кентінде салынып жатқан заманауи спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын қадағалады. Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер «Сапақ» өндірістік кооперативі жүргізуде.
Аудан басшысы, спорттың маңызды сала екенін жеткізіп, аудан тұрғындарына спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасау үшін тиісті сала басшыларына құрылыс жұмыстарын мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, аудандағы бірқатар нысандарды аралап көрген аудан әкімі Ж.Еркінбекұлы құрылыс жұмыстары барысында кеткен кемшіліктер бойынша жауапты мердігер мекемелердің басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында Жосалы кенті мен Ақай елді мекеніндегі спорт кешені құрылысын және Жосалы кентіндегі Амангелді көшесіне орташа жөндеу жүргізіп жатқан «Сапақ» өндірістік кооперативі, «Өмірзақ» ЖШС, «Ақтоған» ЖШС басшыларын қабылдап, құрылыс жұмыстары барысында кеткен кемшіліктер бойынша ескертулер жасады.
Сондай-ақ, барлық мердігерлерге құрылыс материалдарының сапалы болуын, жұмысты уақтылы аяқтауды баса айтып тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

25 қаңтар 2023 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031