» » Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов іссапармен Қармақшы ауданында болды

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов іссапармен Қармақшы ауданында болды


Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов Қармақшы ауданында бірқатар құрылыс нысандарының жұмысымен танысты.
Алдымен, Ақай ауылдық округіндегі салынып жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын көрді. Мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын ескерте отырып, шартта көрсетілген мерзімде аяқтауды және әрі сапалы жасауды жүктеді.
Байқоңыр қаласына іргелес орналасқан Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіне тартылған табиғи газдың құрылыс жұмыстарын да бақылады.
Мұнан соң, кенттегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 640 орындық №85 орта мектепте болып, жұмыстардың қарқынын бағамдап, мердігерге жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтау қажеттілігін ескертті.
Облыс әкімінің орынбасары Қармақшы ауданына сапарымен қатар, Байқоңыр қаласындағы құрылысы жүріп жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің жұмысын бағамдады. Көп қабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының қарқынын үдету керек екендігін, әйтседе сапалы жүргізіле отырып тұрғындар тарапына мерзімді берілу керектігін міндеттеді.
Мархабат Жайымбетұлы аудан әкімдігінің ұйымдастырумен жүргізілген Жосалы кентіндегі «Қазақ хандығы» аллеясында «Бiрге – таза Қазақстан» республикалық жаңа экологиялық акциясы аясындағы сенбілікке қатысып, тал көшетін отырғызды.
«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясындағы №121 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалады. Өскелең ұрпақ тәрбиеленетін білім ордаларының жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуге аса мән беріп, мердігерге мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Іссапар барысында қысқы жылу беру маусымының дайындық жұмыстарын көру мақсатында көмір тасымалдаушы жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде аудан тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз ету жайы сөз болды. Халыққа қатты отынды қолжетімді бағада ұсыну, тапшылықты болдырмау, қатты отын бағасын тұрақты ұстап тұруды тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары іссапар барысында қамтылған барлық нысандар бойынша жауапты мердігерлер мен тиісті сала басшыларына құрылыстарды уақытында аяқтап, сапасына жауапкершілікпен қарауды жүктеді.
18 қыркүйек 2022 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031