» » Қармақшы ауданында 5 балалар ойын алаңқайы салынып жатыр

Қармақшы ауданында 5 балалар ойын алаңқайы салынып жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Біржан Далабаев Жосалы кентіндегі құрылыс және абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Биылғы балалар жылына орай аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес «Тәуелсіздік» ықшам ауданында салынып жатқан балалар ойын алаңының құрылыс барысын бақылады. Жалпы Қармақшы ауданы бойынша бюджеттен тыс көздер арқылы 5 балалар ойын алаңқайы салынуда. Қазіргі таңда олардың құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталып, қазан айында толығымен пайдалануға берілмек.
Одан соң Ү.Томанов көшесіндегі «Шығыс» каналын темірбетон лотокпен қаптау жобасымен танысты. Аталмыш жоба бойынша қазіргі таңда тек қажетті материалдар жинақталғанына көз жеткізіп, сондай-ақ монтаж жұмыстарын мерзімге сәйкес бітіру керектігін тапсырды.
Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамытып, халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің жұмысын бақылады. Әрі қарай, орталық аурухананың жылу қазандығын табиғи газға ауыстыру жұмыстарын көрді. Жосалы кентінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар көшелерді аралады.
Біржан Далабайұлы барлық құрылыс және абаттандыру жұмыстарына жауапты мердігерлермен кездесіп, құрылыс жұмыстарын сапалы және мерзімінде атқаруды жүктеді.
11 қыркүйек 2022 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728