» » Аудан басшысы Жосалы кентін аралады

Аудан басшысы Жосалы кентін аралады


Аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы Жосалы кентінде жүзеге асатын жобалар мен кентішілік жолдардың жағдайымен танысты.
Алдымен Жосалы кенті кіреберісіндегі «Қазақ хандығы» аллеясын көгалдандыру, тал егу жобасын бақылап, Сырдария өзенінен Сарыөзек көліне насос арқылы аяқ су апару жобасымен танысты. Аталмыш жобаны іске асыру арқылы кентте мал жайылымдық жерлерін арттыру жұмыстары жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, аудан әкімі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарының барысын қадағалап, Тайшық би көшесін абаттандыру, Ү.Томанов көшесінде орналасқан «Шығыс» каналын темірбетон лотокпен қаптау жобаларымен қатар Жамбыл Жабаев, Мәншүк Мәметова және Жангелдин көшелерінің жәй-күйімен танысты.
Биылғы жылы Тайшық би көшесіне тас араласқан құм төсеу, жаяу жүргінші жолын салу, асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, кіші архитектуралық формалар орнатылып, адам жанына рухани дем беретін идеологиялық маңызы зор «Сыр сүлейлері» аллеясы ашылатын болады.

16 наурыз 2022 ж. 765 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930