» » ИІРКӨЛДЕГІ ҚОРҚЫТ АТА КӨШЕСІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

ИІРКӨЛДЕГІ ҚОРҚЫТ АТА КӨШЕСІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

«Батыс Қытай-батыс Еуропа» автодәлізінен Иіркөл ауылдық округіне дейін ұзындығы 5 шақырым болатын кіреберіс пен ауыл орталығындағы Қорқыт ата көшесіне «Қызылорда жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшылары асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде.
Мекеменің бас инженері Болат Әлібаевтың айтуынша аталмыш жұмыстар біткен соң, олар көршілес Дүр Оңғар және Төребай би ауылдық округтерінің кіреберіс жолдарына асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуді іске асырмақшы.
– Сонымен бірге, биыл ауылда Қорқыт ата мен Рақымжан Доспанов атындағы көшелерге жарық орнатылады. Жақын арада өткен жылы құрылыс жұмыстары басталған 50 орындық «Самал» балабақша ел игілігіне пайдалануға берілмекші. «Балажарма» каналын тазарту жұмыстары өз қарқынымен жүргізілуде. Ауыл тұрғындары арасында биыл бақша егу жұмыстары да үлкен құлшыныспен жүргізілуде, – дейді Болат Әлібаевтың сөзін әрі қарай іліп алып кеткен ауылдық округ әкімі Бүркіт Қалдашбаев.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
20 мамыр 2018 ж. 1 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930