» » Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады

Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады

Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан бірнеше құрылыс нысандарын аралады.
Аралау барысында Жосалы кенті орталығындағы Қорқыт Ата көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын салу барысымен танысты. Мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарда қолданылатын құрылыс материалдарының сапалы болуына көңіл бөлуді тапсырды.
Бағдарлама негізі жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар тізіміне бірнеше нысандардың қайта жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстары кіріп отыр.
Сонымен қатар өңір басшысы Жосалы кентіндегі №15 балалармен жасөспірімдер спорт мектебі мен балалар кітапханасының ғимаратына жүргізіліп жатырған ағымдағы жөндеу жұмыстарын да көріп шықты.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауданды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады.
Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарламада жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуі маңызды. Бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін іске асып жатыр. Жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар тұрғындар сұранысына сай болуы керек. Осы ретте аудан әкімі көше тұрғындарымен кездесіп, пікірлерін тыңдап, жұмыс барысында сауалдарын назарға алып отыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.


"Қт" ақпарат
16 маусым 2020 ж. 1 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 137

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930