» » Аудан әкімі: Кент келбеті кіреберістен басталады

Аудан әкімі: Кент келбеті кіреберістен басталады


ЖОСАЛЫ, 3 маусым – qarmaqshy-tany.kz Жосалы кентінің кіреберісінде орналасқан «Мәңгілік Ел» монумент кешені мен «Қазақ елі» композициялық монумент кешендерін аралап, жүргізіліп жатқан қайта ағымдағы жөндеу жұмыстарымен таныстым.



Мердігермен кездесуде атқарылатын жұмыстардың барысын көріп, құрылыс нысандарының кемшілік тұстарын айтып, оларды жоюға жұмыс жасау тапсырылды және тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Әрдайым мердігерлердің құрылыс нысандарындағы жұмыстарын сапалы жасауға көңіл бөлу қажет. Бұл күндері халыққа көзбояушылық қажет емес. Осы ретте ауданымызда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапалы болуына «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссияларының да назарында болуы керек деп есептеймін.

Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымызда абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады.

Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарламада жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуі маңызды. Бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін іске асып жатыр. Жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар тұрғындар сұранысына сай болуы керек.
Мұса Қалдарбеков,
Қармақшы ауданының әкімі 
03 маусым 2020 ж. 1 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 885
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930