» » Партиялық тобының мүшелері бақылау жүргізді

Партиялық тобының мүшелері бақылау жүргізді


«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының партиялық бақылау тобының мүшелері «Құтты мекен» және «Ауыл-Ел бесігі» жобалары аясында рейд жұмыстарын жүргізді. Шара барысында «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Буханов Дастан Әбдібекұлы, аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Раева Күлжауһар Төлегенқызы, Жосалы кенті әкімшілігінің қызметкері және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Қазіргі таңда Жосалы кентінің Қасымов, Рысқұлов, Сексенбаев, Ораз Ахун, Ібаш жырау, Наметша, Нұртай және Қайырбекұлы көшелеріндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал, аудандық орталық стадионға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Тәуелсіздік» ықшам ауданындағы электр желілері қалпына келтірілді. Осыған сәйкес, бақылау топтың мүшелері мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарылған жұмыстардың сапасына бақылау жүргізіп қайтты. Сонымен қатар, партиялық бақылау топтың мүшелері аудандық аграрлы-техникалық колледжінің ғимаратына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер компания «Нұр сапа жер» ЖШС-нің учаске басшысының айтуынша оқу ғимаратын оқу басталу мерзіміне дейін аяқтайтынын жеткізді. Сонымен қатар басқа да ғимараттарды жөндеу жұмыстарын жалғастыратынын айтты.
Партиялық бақылау топтың мүшелері аудан орталығындағы №20 «Толғанай» балабақшасына барып, білім берудің қолжетімділігі мен сапасына және балабақшаның талапқа сай білікті мамандармен қамтылуы бойынша бақылау жүргізді. №20 «Толғанай» балабақшасының меңгерушісі Қарабисенова Гүлзат Өтегенқызы балабақшаның талапқа сай білікті мамандармен қамтылғандығын атап өтті.
Одан әрі партиялық бақылау топтың мүшелері аудандық емханада болып, денсаулық сақтау саласының қолжетімділігі мен сапасына бақылау жүргізу барысында сала бойынша бейін мамандар жетіспейтіндігі айтылды.
22 тамыз 2019 ж. 1 085 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930