» » Партиялық бақылау тобы балабақшаларда болды

Партиялық бақылау тобы балабақшаларда болды

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының партиялық бақылау тобы, аудандық мәслихат депутаттары А.Үсенов, К.Раева, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Буханов, Жосалы кенті әкімінің орынбасары А. Қойшыбаев, және мүшелері болып Жосалы кентіндегі балабақшаларды аралап, ондағы балалардың саны, тамақты ұйымдастырудың тәртібі, ойын алаңдарының талапқа сәйкес болуы, жабдық-жиһаздармен…, ойыншықтармен және тамақтануға арналған қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі, балабақшаның санитарлық гигиеналық жағдайымен танысып, аталған жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын көзбен көріп қайтты. Партиялық бақылау тобының төрағасы А.Үсенов алдағы уақытта кемшіліктердің орын алуына жол бермеу керектігін атап өтті. Сонымен қатар балабақша ұжымына балабақшалардың жұмысын зерделеу бойынша жадуал таратылып таныстырылды. Топ мүшелері жұмыс барысында ұжымға сәттілік тілеп, партиялық бақылау жұмыстары өз жалғасын табатындығын жеткізді.
02 сәуір 2018 ж. 1 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 062
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031