» » Сапаға көңіл бөлу – істі ширатады

Сапаға көңіл бөлу – істі ширатады


ЖОСАЛЫ, 9 маусым – qarmaqshy-tany.kz БҮГІНДЕ КЕНТТІҢ КЕЛБЕТІН КЕЛТІРГЕН НЫСАНДАР КӨП. СОНЫҢ БІРІ – КІРЕ БЕРІСТЕГІ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» МОНУМЕНТІ МЕН «ҚАЗАҚ ЕЛІ» КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ КЕШЕНІ. ЕЛДІҢ РӘМІЗДЕРІН АЙШЫҚТАҒАН БҰЛ КЕШЕНДЕ ҮШ ЖҮЗДІҢ БИЛЕРІ, ҚАЗАҚТЫҢ ХАНДАРЫ АБЫЛАЙ, ЖӘНІБЕК, КЕРЕЙДІҢ ЕСКЕРТКІШІ ҚОЙЫЛҒАН. АЛ ОЛАРДЫ ҚҰРМЕТТЕП КҮТІП ҰСТАУ, АЙНАЛАСЫН КӨГАЛДАНДЫРУ ӘРБІР ҚАЗАҚТЫҢ МІНДЕТІ. БҮГІНДЕ КЕНТ КІРЕ БЕРІСІНДЕГІ КЕШЕНДІ ҚАЙТА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. ТҰРҒЫН САЯЛАЙТЫН ОРЫНДАР ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛІП, ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚАЙТА БЕРІЛМЕК.


Өткен аптада әкімі Мұса Қалдарбеков аталған нысандарды аралап, ондағы қайта жөндеу жұмыстарымен танысты. Аралау барысында жөндеуді қолға алған мердігермен кездесіп, құрылыс нысанның кемшін тұстарына байланысты нақты тапсырма берді. Бүгінде кей қалаларда бой көтерген құрылыс нысандары мерзіміне жетпей сапасы сын көтермей жатады. Осындайда мердігер компаниялардың жұмысы әлбетте сынға түсуде. Осы секілді олқылықты жағдайдың алдын алу мақсатында өңір басшысы кездесуде ең бірінші сапаға көңіл бөлу қажет екенін айтты.

– Биыл «Жұмыспен қамтудың жол карта- сы» бағдарламасы аясында ауданда абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады. Сол үшін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамти отырып, сапалы жұмыс көрсетуіміз керек. Халыққа көзбояушылық қажет емес. Қазір ауданда жүргізіліп жатқан әрбір құрылыс нысаны Партиялық бақылау комиссияларының назарында. Бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін іске асырылып жатыр. Жоба – тұрғындардың сұранысына сай болуы керек, – деді өңір басшысы.

Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 40 жобаның жұмысы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар елді мекендегі 6 көшеге орташа жөндеу жүргізу, 4 жаяу жүргіншілер жолын салу, 14 көшені жарықтандыру, 3 нысанды абаттанды- ру арқылы тұрақты және уақытша жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Алдағы уақытта Жосалы және Төретам кентіне спорттық тренажерлық және стритболдық алаңдардың құрылысы салынып, Төретам кентіндегі 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданда тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылмақ. Жұмыссыздық деңгейін төмендете отырып өңірдің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту көзделуде.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
09 маусым 2020 ж. 1 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031