» » Жарқын бастамалар жүзеге аспақ

Жарқын бастамалар жүзеге аспақ

Өткен аптада облыстан бір топ тілшілер өңірімізге аяңдады. Онда олар аймақтағы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жалпы бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар тізіміне бірнеше нысанның қайта жаңғыртылуы мен жөндеу жұмыстары кіріп отыр.


Сапар Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназиясының ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды. Одан соң №22 35/10 кВ қосалқы стансасына жол жүрді. Мұнда кеңейту және қайта құрылымдау құрылыс жұмысы жүргізілетін болады. Жасыратыны жоқ, Төретамдағы бірқатар электр желісінің 80 процентінің тозығы жеткен. Әсіресе жел соғып, дауыл көтерілсе жарық өшіп қалады не электрдің кернеуі көбейіп, тұрғындарды әбігерге түсіретін еді. Осы мәселені шешу мақсатында биыл тапсырысты облыстық энергетика басқармасы арқылы Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту, Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы стансасын кеңейту және қайта құрылымдау құрылыс жұмысы басталды.

Кезекті сапар Жосалы кентіндегі балалар кітапханасында жалғасты. Бұл жерде ғимаратта жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстары пысықталды. Одан соң №6 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасының жылу жүйесін жеке ғимаратқа шығару бойынша, №15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Қармақшы ауылдық округіндегі №13 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмысымен танысты. Қазір бұл нысандарда қайнаған тіршілік.


Аудан бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млрд 550 мың теңге көлемінде 40 жоба іске асырылады. Осы жобалар аясында жалпы 804 жұмыс орны, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы тіркеуде тұрған 409 адам жұмыспен қамтылмақ. Одан бөлек, жергілікті бюджеттен Жосалы кентінің паспортын орнатуға, құқық-бұзушылықтың алдын алу мақсатында көшелерге бейнебақылау камераларын орнатуға тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, негізгі қаржы өңірдің инженерлік-көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданда тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздық деңгейі төмендейді деген болжам бар. Әрі ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жақсармақ.

Айнұр ӘЛИ



16 маусым 2020 ж. 1 082 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 477

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 549

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031