» » Аймақ басшысы жұмыс сапарымен ауданымызда болды

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен ауданымызда болды

Жұмадағы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың жұмыс сапары Қазыналы Қазалыдан соң қасиетті Қармақшы өңіріне қарасты бір жүз он бес жылдық тарихы бар Төретам кентінде жалғасты. Онда №22 35/10 кВ қосалқы станциясын кеңейту және қайта құрылымдау жобасымен танысты. Бүгінде мұнда "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында станцияны кеңейту және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстар барысымен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы М.Усаин баяндады. Қосалқы станция 1966 жылы қолданысқа берілсе, қазіргі кезде оған қайта жаңғырту, жаңарту жұмыстары басталған. Жоспар бойынша осы жылдың екінші тоқсанында толық пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл ретте Г.Наушақызы жаңғырту жұмысын сапалы жүргізуді әрі уақытында бітіруді тапсырды.
Елімізде білім саласы қашан да өзекті болып келген. Әсіресе қазіргідей қашықтан оқыту уақытында. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңырдағы №277 мектеп-лицейі мен көпқабатты тұрғын үйлерге барды. Білім ұясында аялдаған ол Байқоңыр қаласы мен облыс оқушыларының арасында демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында тарихи орындарды аралап көріп, экскурсия ұйымдастыру керегін айтты.
Адам денсаулығын сақтау – әркез маңызды. Соған сай облыс әкімін Байқоңыр кешенінде көпбейінді аурухананың бас дәрігері Жандос Әділхан COVID-19 инфекциясының алдын алу бойынша істеліп жатқан жұмыстардан хабар берді. Төретам ауылдық ауруханасында карантиндік 30 және провизорлық 15 төсектік бөлімше, 1 төсек орындық интенсивті-реанимациялық палата дайындалған. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық трасса жолдарынан 2 блок-бекет ұйымдастырылып, онда 16 мейірбике 24/7 қағидатымен кезекшілік етуде. Бұл тұрғыда Гүлшара Әбдіқалықова елімізде карантиндік мерзім аяқталғанымен, сақтақ шараларының жалғасатынын, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жетіспеуіне байланысты мәселенің түйіні тарқатуды жүктеді.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Байқоңырдағы Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай "Мәңгілік алау" ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті.
Жұмыс сапарында өңір басшысы аудандағы құрылыс құмын және бетон бұйымдарын өндіру цехы базасында болып, мамандарға сапалы өнім шығаруға тапсырма берді. Мұнан кейін газ реттегіш пункті мен кварталішілік газ тарту жұмыстары таныстырылды. Биыл жобаның құрылысын аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Жоба бойынша былтыр жоғары және орта қысымды 87,5 шақырым газ құбыры салынып, 3 дана газ реттегіш пункті орнатылды. Бүгінді қалған 72,5 шақырымына газ құбыры жүргізілуде. Жалпы нысан осы жылдың қазан айына жоспарлануда. Жоба нәтижесінде 20 мың тұрғын табиғи отынның игілігін көретін болады. "Былтыр Жосалы кентінде газдандыру жұмысы басталды. Қазіргі таңда бөлінген 3 млрд 200 млн теңге қаржының 1 млрд 700 млн теңгесі игерілді. Қалған қаржы тамызға дейін толық жұмсалады. Барлық материал жеткілікті, бұйырса, қыркүйек айында газ аудан орталығына келеді, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы М.Усаин. Бұған қоса, басқарма басшысы аудандық электр тарату торабы мекемесінің станциясына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысын да айтып өтті. «Жосалы 220/35/10 кВ» қосалқы станциясына да 1969 жылы пайдалануға берілгеннен бері қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген. Былтыр сала министрлігінен қолдау тауып, 1 млрд 600 мың теңге қаржысы бөлінген нысанның барлық жабдығы түгелдей жаңартылмақ. Станция жұмысы қыркүйекте толық бітеді деген нақты болжам бар.
Сенбі күні облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аудан әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселері бойынша мәжіліс өтті. Онда аудан әкімі Мұса Қалдарбековтың баяндамасы тыңдалды.
– Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 230 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 128,7 процентті құрады. Өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар 817 млн теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 169,6 процентке көбейген. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша осы жылдың 1 сәуіріне 981,3 млн теңге болып, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 101,4 процентті көрсетуде. Ауданның негізгі бағыты ауыл шаруашылығы саласы болған соң агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беріледі. Биыл 22920 гектарға егіс орналастыру межеленген. Оның ішінде 13170 гектарға күріш, 667 гектар бидай, 150 гектар арпа, 352 гектар мақсары, тағы басқасын орналастыру жоспарланған. Қазір межеленген күріш дақылының 8475 гектары егіліп, 6590 гектары суға бастырылды. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халықты әлеуметтік шаралары басты назарда ұсталды. Жергілікті жерде жаңа жұмыс орнын құру, тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешеу, әл-ауқатын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауданда тіркелген 3177 кәсіпкерлік нысанның 91,7 проценті жұмыс істеп тұр, – деді аудан басшысы.
Мұнан бөлек, аудан әкімі алдағы 5 жыл көлемінде атқарылатын ауқымды істерге де тоқталып өтті.
– Өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін аудан орталығы – Жосалы кентін газдандыру жобасын аяқтап, келесі кезекте барлық елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге, аталған уақыт ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды жалғастырып, мал басын көбейту арқылы ет өнімдерінің көлемін арттыруға жұмыс жасалады, – деді аудан әкімі.
Мәжілісте облыстық мәслихат депутаттары ???Үйреков, Әнуарбек Дәуленбаев сауал қойса, "Тұрмағамбет" ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Нұржан Пірмантаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Гүлжауһар Раева ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Мәжілісте аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және мемлекеттік бағдарламаларды халық игілігіне пайдалану өте маңызды екенін айта келе «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыны тиімді пайдалану және өз орнымен жұмсауды тапсырды.
Мұнан соң өңір басшысы ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар ауылдарында болып, бірқатар нысандардың жұмысын көрді.
Аймақта күріш өсіруде "Жаңажол", "Тұрмағамбет", "Достық Жер МК" және "Ораз ахун ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты шаруашылықтардың жетістігі өзгелерге үлгі. Айта кету керек, былтыр облыстағы тіректі елді мекендер байқауында ІІІ Интернационал ауылы жеңімпаз атанып, 10 млн теңге сыйақы иеленсе, биыл 90 жылдығын тойлағалы отырған «Жаңажол» ЖШС күріш өнімділігін арттыруда үздіктер сапында.
Гүлшара Әбдіқалықова сапар соңында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуде аудандық әкімдік тарапынан қолдау көрсетілуі керектігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, қазіргі ахуалға қатысты міндетті түрде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалауды ескертті.
Сапары кезінде облыс басшысы Қорқыт ата кешенінде болып, зиярат етті.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА








19 мамыр 2020 ж. 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 084

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031