» » Көгілдір отын: қосылатын күн жақын

Көгілдір отын: қосылатын күн жақын

Сәрсенбіде облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ауданда болды. Өңір басшысының жұмыс сапары Ақжар ауылдық округі маңында орналасқан "Құрайлы" каналының жай-күйімен танысудан басталды.
"Құрайлы" каналын жөндеудің басты себебі – суды қайыр басуы. Осының салдарынан қазіргі таңда ауданның егіс алқаптарына су жеткізу мәселесі қиындаған. Жалпы құны 168 млн теңгені құрайтын жоба сметалық құжат әзірленіп, каналға механикалық тазалау жұмысын "Қазсушар" РМК Қызылорда филиалы жүргізуде. Жұмыс барысында 22 шақырым жер қазылып, 150 мың текше топырақ шығару көзделуде.
Қ.Ысқақов каналды тазарту жұмыстарын сапалы әрі шаруа қожалықтарымен бірлесіп атқаруды тапсырды. Сондай-ақ механикалық тазалау жұмыстары аяқталған соң аудандағы аяқ су мәселесінің шешімін табуға ықпал ететінін де тілге тиек етті. Барлығы 7,1 мың гектар егістік жер дәл осы каналдың бойында орналасып, оның 6,4 мың гектарын күріш егісінің көлемі құрайтынын айтып, сол себептен де шаруа қожалықтарын жұмысқа тартуды тапсырды.


Өткен жылдан бері кентке жалпы ұзындығы 160 шақырым болатын ауылішілік газдандыру жұмысы жүргізіліп келеді. Жалпы құны 3 292,2 млн теңгені құрайтын жобаны биыл күзде аяқтау көзделіп отыр.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинның мәліметінше қазірге дейін бірінші, екінші мен үшінші ГРП-лары (Газ реттеуші пункт) орнатылған. Өткен жылғы республикалық бюджеттен бөлінген 872 млн теңге толық игеріліп, 87 км газ құбыры жүргізілген. Көктемде су көлемі артатындықтан бірінші ГРП жанынан 10 шақырымдық газ құбыры жүргізілген. Биыл да республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып, жұмыс барысы әрі қарай жалғасатын болады.
Облыс әкімі өз сөзінде "КазТрансГаз" АҚ аймақтық филилалымен келісіп, газ тарту жұмысы аяқталған бөлікке мамыр айында көгілдір отынды қосуды тапсырды. Сондай-ақ кентке газ тарту жұмысын ағымдағы жылдың күзіне дейін аяқтау керектігін де нықтап тапсырды.
Аймақ басшысы Қ.Ысқақов "Жосалы 220/35/10 кВ" қосалқы стансасын жаңғырту жұмысын да бақылады. 2019 жылы басталған жобаны осы жылдың екінші тоқсанында аяқтау көзделуде. Бүгінгі дейін суға арналған резервуар мен ашық тарату құрылғысының ғимараты салынды. Айта кетерлігі, электр тарату жаңғырту жұмысы барысында кентте жарық тарату жұмысы тоқтамайды.
Сонымен қатар Қуанышбек Досмайылұлы "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен Қармақшы аграрлы техникалық колледжіне барып, колледждің жаңа кейіпін көріп, тыныс-тіршілігімен танысты.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
14 наурыз 2020 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031