» » АУДАНДА АУЫЗ СУ АЙТАРДАЙ МӘСЕЛЕ ЕМЕС

АУДАНДА АУЫЗ СУ АЙТАРДАЙ МӘСЕЛЕ ЕМЕС

Суөмірнәрі. Сусызадамзатбаласытіршіліктіелес­тетеалама? Жеранаданалынарбарлықөнімімізде, ішерасымызбентазалығымыздаосытіршілікнәріарқылышешімтабады. «Судыңдасұрауыбар», – депданахалқымызайтқандай, әлемғалымдарыкелешектеауызсутапшылығыболатынынайтып, дабылқағуда. Солсебептендесудықазірденбастапысырапетпей, орныментұтынукерек. Осыреттеаудандаауызсуғабайланыстыбүгінгітаңданендейшаруатындырылды? Ауызсудыңқауіпсіздігіменсапасықалайболуда? Жалпы, тұрғылықтыхалықауызсументолыққашанқамтылмақ?
Өңірімізде ауыз сумен «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіп­орны­ның «Арал» салынып жатқан бірлескен дирекциясы филиалының «Октябрь» топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі айналысады. Онда 96 қызметкер еңбек етсе, 11 техника жұмысқа тартылған. Негізгі ауыз су қоры ІІІ Интернационал елді мекенінде орналасқан 5 ұңғымадан ауыз су желілері тарап, ол Жаңажол, Иіркөл, Төребай би ауылы және Жосалы кенті тұрғындары мен мекемелерін ауыз сумен қамтамасыз етеді. Магистральды желілердің ұзындығы – 150,5 шақырым болса, сервистік жүйелері үйді-үйге кіріп тұрған су желісі – 171 шақырымды құрайды. 2016 жылға дейін өндірілген судың тапшылығына байланысты тұрғындарға ауыз суды сағатпен беруге мәжбүр болдық. Мысалы Жосалы кентіне келген судың көлемі түске дейін 2-3 сағат, түстен кейін 2-3 сағат берілді. Осы жылдан бері «Арал» СЖКБД мекемесінің басшылығы жоғарыда айтылған мәселелерді зерттеп, батыл шешім қабылдады. Іс барысында 19 шақырым магистраль желісінің құрылысын салуға жоба жасалып, Жосалы кентіне қажетті су көлемімен қамтамасыз етіліп келеді.
Бөлімше басшысы Сақтапберген Медеуовтің айтуынша, қазіргі кезде ауданда ауыз су мәселесі бұрынғыға қарағанда біршама жолға қойылған.
– Дегенмен, жеткілікті көлемде суды қабылдайтын су қоймасының аздығынан кездескен қиыншылық толығымен шешімін таппады. Тек, өткен жылы ғана республикалық бюджеттен 444 млн. теңге қаражат бөлініп, 5 мың текше метрді құрайтын су қоймасы, бұрыннан қалып қойған тұрғын үйлерге су кіргізу мәселесі шешімін тапқан. Айтулы жоба құны – 247 млн. теңгені құрайды. Сонымен қоса, облыстық бюджеттен бөлінген қаражат игеріліп, Жаңажол, Иіркөл елді мекендері таза ауыз суға қол жеткізді. Қауіпсіздікке байланысты жылына 2 рет көктемгі-күзгі залалсыздандыру жұмысы жоспарлы түрде жүргізіледі. Бұл жұмыс аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп атқарылады және ол қатаң бақылаудан өтеді. Дегенмен, алдағы уақытта мекеменің өзінен зертхана ашуға қадамдар жасалуда. Барлық насос стансасының ауласы типтік жобадағы темір бетон плитамен қоршалып, бейне бақылау камерасымен жабдықталған. Жасыратыны жоқ, кейде судың қадірін білмей жатамыз. Мәселен, 1 текше метр судың құны тарифтік бағамен есептегенде 498 теңге 29 тиын тұрады. Ал, тұтынушының төлейтіні 1 текше метр суға небәрі 30 теңге болып белгіленген. Қалғанын мемлекет субсидиялайды. Ара-кідік болса да пайдаланылған ауыз суға ақысын төлемейтін немесе ұрлық су пайдаланатын жағдайлар кездеседі, – дейді бөлімше басшысы.
Салада кездесетін тағы бір мәселе – бұған дейін салынған су желілерінің тозығы жетіп, әр жерден апаттық жағдайдың орын алуы. Кезінде көше ортасымен жүргізілген су желілерінің үстінен асфальт жолы салынған. Осындай жерден ақау шыққанда апаттық жағдайды қалпына келтіру қиындық туғызуда.
– Мекеме аудан бойынша 5 елді мекенді: ІІІ Интернационал, Жаңажол, Иіркөл, Төребай би ауылдары мен Жосалы кентін толық ауыз сумен қамтып отыр. Мұндағы баса айтатын нәрсе, 2015 жылы «Мөлтек» шағын ауданына 29 шақырым магистраль су желілері жүргізілді. Ол жаққа кенттегі №5 насос стансасымен су жеткізіледі. Десек те, шағын ауданның бас жоспарына сәйкес, келешекте өсуіне байланысты қажетті су қысымы жетпейтін болады. Сол себепті мөлтек ауданға бөлек насос стансасы мен 50 текше метрлік су мұнарасы салынуы тиіс. Алдағы мақсатымыз – салынған су құбырларын өз деңгейінде ұстап тұру. Ол үшін тиісті орындарға ұсыныс жолдаудамыз. 2019 жылы 4,2 шақырым жерге жаңа су желісін жүргізу, насос стансаларын күрделі және жай жөндеуден өткізу, өзімізден су сапасын күнделікті тексеретін зертхана салу, жаңа технологияларды қолдану және кейбір дизель электр стансасын орнату, сондай-ақ, тұрғындардан ауыз су ақысын төлеуді компьютерлік әдіспен есебін шығару көзделуде, – дейді С.Медеуов.
Сәрсенкүл Ақкісі

24 қыркүйек 2018 ж. 1 517 1

JeaCold от 14 ақпан 2019 12:12
Commander Cialis Soft El Cialis Es Bueno generic cialis overnight delivery 24h Canadian Pharmacy Levitra Generique En France

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031