» » СУ- ЗЕР, СУШЫ ЗЕРГЕР немесе таза ауыз судың күрмеуі қала тарқады?

СУ- ЗЕР, СУШЫ ЗЕРГЕР немесе таза ауыз судың күрмеуі қала тарқады?


Таза және сапалы ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Кім судың зәрулігін көп шексе, сол адам судың қадір-қасиетін, құндылығын терең түсінеді. «Адамның сусыз күні жоқ, судың оны айтатын тілі жоқ» дегендей, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туған халқының тұрмыс-тіршілігін нығайту, оның ішінде халықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жаңа бастамалар көтеріп, оның өміршең болуына қолдау көрсетуде.
Елбасы 2011 жылы Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Жолдауында «Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері – ха­лық­тың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басымдығымыз болады. Орталықтандырылған сумен қам­та­ма­сыз етуге қолжетімділік елді мекендерде 41 пайызға, қала­лар­да 72 пайызға дейін  өсті. Орташа алғанда республика бойын­ша ауыз суға қолжетімділік деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы тиіс, судың сапасы белгіленген бар­лық сани­тарлық нормаларға сай болуы керек. 2020 жылға қарай сумен қамтама­сыз етудің орталық желісіне қолжетім­ділік қалаларда100 пайызды құрауы тиіс. Ал, ауылды жерлерде екі есе артып, 80 пайызға дейін жетуі қажет», – деген болатын.
Осы ретте Ұлт көшбасшысының сара саясатын жүзеге асыруда өміршең болған мемлекеттік «Ақбұлақ», «Таза су», «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында бүгінде елімізде ауқымды жұмыстар өз ауанымен іске асырылуда. Елбасы саясатына қолдау көрсетуде аймағымызда да толымды істер жүзеге асуда. Өңір басшысы Қырымбек Көшербаев жыл басында аймақ тұрғындарына берген есеп беру жиналысында өткен жылы облысымыздың даму көрсеткішін саралай келе, халықты таза сумен қамтамасыз етуде де істеліп жатқан жұмыстарға аса мән берді. Нақтырақ айтқанда, облысымыздағы260 елді мекеннің 195-і  бүгінде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылғанын айта келе, бұл көрсеткіш өңірдегі барлық елді мекеннің 75 пайызын, ал ол сол елді мекендердегі тұрғындардың  95 пайызын құрайтынын жеткізді. Сонымен бірге,  мемлекеттік «Нұрлы жол»  және «Өңірлік дамыту» бағдарламалары шеңберінде өткен жылы Ұлттық қордан, республикалықжәне облыстық бюджеттер есебінен бөлінген 13,6 млрд. теңгеге 45 жоба жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Ағымдағы жылы облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында, оның ішінде Байқоңыр қаласынан ауыз суды сатып алып отырған Төретам кенті, Ақай ауылдық округіне «Байқожа» су құбырын жеткізу бойынша жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу мәселесі пысықталғанын тілге тиек етті.
Ал, енді өз ауданымызға келсек, аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың  биыл өңір тұрғындарымен кездесуіндегі берген мәліметі бойынша өткен жылы мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы мен облыстық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 8 млн. теңгеге 7 елді мекенге ауыз су жеткізілген. 29 елді мекеннің 18-і толықтай орталықтандырылған сапалы жерасты таза суымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, бүгінгі күнге өткен жылдың нәтижесімен аудан орталығындағы 1383  тұрғын үйге ауыз су желісі кіргізіліп, «Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-і көтерме насос стансасын қайта жаңғырту» жобасымен 5000 текше метрлік су жинайтын резервуар орнатылған.
Сақтапберген Медеуов басқаратын «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік  бөлімшесі тоқталсақ, мекеме мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өткен жылы Жосалы кентінде «Рза» АҚ-ы арқылы 5000 текше метрлік су қоймасын  салып, су көтеру стансасына құрылыс-монтаж жұмыстарын істеді. Сарыөзек көлінде орналасқан су көтеру стансасындағы ұнғыма тазартылып, оған тұщыландыру қондырғысы орнатылды. Сондай-ақ,  2400 метр тозығы жеткен су желісі ауыстырылып, «Мелиоратор» ЖШС-і арқылы Иіркөл, Дүр Оңғар ауылдарында тұрғын үйлерге су кіргізу жұмыстары жүргізілді.
Ал, Қанибек Төлепов басшылық ететін Қармақшы ауданының оқшау сумен жабдықтау пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің жоғарыда аталған жұмыстар бойынша бізге берген мәліметіне сүйенер болсақ, өткен жылы аталмыш бөлімше бойынша жоспарға сәйкес, 127 242 08 текше метр таратылған  таза судың 120 883-і жеке тұрғындарға, ал 6 359,08-і мекеме, кәсіпорындарға  беріліп, оның қаржысы толық жинап алынған.
Десе де, жоспарда жоқ ақау шыққан 63 су желісі, оның ішінде Көмекбаевта – 12, Қуандарияда – 8, Алдашбай ахунда – 3, Тұрмағамбетте – 6, Ақжарда –16, Ақтөбеде – 8 Қармақшы ауылында  – 10су желісінде орын алған ақауларға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
                         «Қармақшы таңы».
ХХХ
 
17 сәуір 2018 ж. 1 910 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 475

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 547

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031