» » ШАЛҒАЙ АУЫЛДАР САПАЛЫ СУҒА ҚОСЫЛДЫ

ШАЛҒАЙ АУЫЛДАР САПАЛЫ СУҒА ҚОСЫЛДЫ

Сыр бойы тұрғындарын ауызсумен қамту жобаларына "Нұрлы жол" бағдарламасы тың серпін берді. Мәселен, Қармақшы ауданы 100 пайызға жуық сапалы жерасты су көзіне қосылды. Өткен жылы 1 миллиард теңгеге ауданның ең шалғай деген 7 елді мекеніне таза су жеткізілді. Сондай-ақ бас су тоғаны жаңартылып, тіршілік нәрін тұщыландыратын құрылығылар орнатылды. Бұған дейін талай жыл құдықтан тартып, тасымал суды пайдаланған ауыл тұрғындары қазір таза судың игілігін көріп отыр.
"Бұрын кішкентай кезімізде талай Сырдариядан иін ағашпен су тасыдық. Ыдыс арқалап, су іздеп жүретін едік. Қазір үйге су кіріп, жақсы болды. Балаларға да жылы, салқын су бәрі бар. Көрші-көлем бәрі риза, барлығының үйінде су ағып тұр. Әйтеуір су тоқтамайды", - деді Жосалы кентінің  тұрғыны Мейрамбек Бөгенбаев.
Жазғытұрым Жосалы кентінде су тапшылығы туындайтын. Себебі ескі су сақтау қоймасының мүмкіндігі аз еді. Осы ретте "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 5 мың текше метрлік жаңа резервуар орнатылып, Германияның қуаттылығы жоғары автоматты қондырғылары әкелінді. Сондай-ақ судың тұздылығын азайту бекеті іске қосылды.
"29 елді мекеннің 18-і бүгінде толық орталықтандырылған тәулік бойы үзіліссіз жерасты ауызсумен қамтамасыз етілді. Қалған 11 елді мекен негізінен теміржол бойында орналасқан разъездер мен малшы ауылдар", - деді Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мұқашев.
Су құбырында іркіліс болған жағдайдың өзінде жаңадан салынған су сақтау қоймасы 3 тәулік бойы аудан орталығын тіршілік нәрімен қамти алады.
31 қаңтар 2018 ж. 1 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031