» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСУ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫСТЫҚ УАҚЫТША КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСУ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫСТЫҚ УАҚЫТША КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

 
Қызылорда облыстық мәслихат хатшысының 2018 жылғы 26 қаңтардағы №2-Ө өкіміне сәйкес «Қызылорда облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы міндеттері туралы» мәселені кезекті сессиясына әзірлеу жөнінде Қармақшы ауданы әкімдігінде облыстық уақытша комиссияның отырысы болып өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихат депутатары К.Үйреков, Ә.Дәуленбаев, Ш.Ө.Әбдікәрімов, аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы, аудандық мәслихат депутаттары мен осы салаға қатысты мекеме, ұйымдардың басшылары қатысты.
«Қармақшы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы міндеттері туралы» аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаевтың хабарламасы тыңдалды.
2017 жылы ауданның 6 елді мекеніне Иіркөл, Жаңажол, Көмекбаев, Қуаңдария, Қармақшы, Ақай, Алдашбай ахун ауылы мен Жосалы кентінде сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су желісін тарту жұмыстары толығымен атқарылғандығы жөнінде айтылды. Алдағы уақытта шешімін табуды қажет ететін мәселелер талданып облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылды.
21 ақпан 2018 ж. 1 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930