Қармақшы ауданында биыл екі бірдей спорт кешені пайдалануға беріледі деп жоспарланған
Соның бірі Байқоңыр қаласының іргесіндегі Ақай елді мекенінен салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл ауылда бұрын-соңды мұндай зәулім спорт нысаны болмаған. Жаңа кешенде 400 жасөспірімнің спорттың бірнеше түрімен шұғылдануына мүмкіндік тумақ.
Нұрбал Мырзабаев, Қармақшы аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:
- Бейімделген залдар деп айтамыз, бұрынғы ескі ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп, сол нысандарда қазіргі таңда балалар бейімделген нысандарда шұғылданып жатыр. Ертең алдағы уақытта осы нысандардың құрылысы аяқталған жағдайда жасөспірімдер мақсатты түрде спорт нысандарында жүйелі түрде шұғылданатын болады ғой.
Дәл осындай денешынықтыру сауықтыру кешені Жосалы кентінде де салынып жатыр. Құрылыстың 80 проценті аяқталған. Қыркүйектен бастап спортшыларды қабылдайды деп күтілуде. Мұнан бөлек, балалар жылына орай облыс бойынша салынып жатқан 80 ойын алаңының 7-еуі Қармақшы ауданынан бой көтереді.
Алмасхан Досмұратов, Жосалы кенті әкімінің орынбасары:
- Ойын алаңы қолданысқа беріледі деп жоспарлап отырмыз. Біреуі осы мөлтек ауданда, екіншісі Тайшық би көшесінен салынып жатыр. Тапсырылу уақыты қазан айында. Тайшық би көшесі абаттандырылды. Ол жерге лоток қойылды жаңадан, жаяу жүргінші жолы шарық шамдарымен.
Аудан бойынша бүгінде жүйелі түрде спортпен шұғылданатын жасөспірімдердің саны 2 мың 200-ге жуықтаған. Бұл қармақшылық өрендердің 18 процентін құрайды екен. Жаңа нысандар іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш біршама жақсарады,-дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов