» » Төретамда спорт кешені ашылды

Төретамда спорт кешені ашылды

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен ауданда болды. Мұндағы мақсат – ел игілігіне пайдалануға берілетін ғимараттың тұсауын кесу. Аймақ басшысы Төретам кентінде бой көтерген «Дене шынықтыру – сауықтыру» кешенінің ашылу салтанатына қатысып, жаңа ғимараттың тұсауын кесті.
Төретам кенті – болашақ Қармақшының келбетін түзбек. Себебі, спорт кешені халық игілігіне жарап, талай спорт майталмандарының ошағы болмақ. Ғимарат заман талабына сай салынған. Елбасы Н.Назарбаев кезекті халыққа Жолдауында бұқаралық спортпен шұғылданушы қазақстандықтардың үлесін 30 пайызға дейін жеткізуді тапсырған болатын. Облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда, елді-мекендерде спорт кешендері бой көтеріп, түрлі спорт алаңы салынуда. Соның бірі Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы қарсаңында аймақ басшысының қолдауымен, жалпы құны 365 млн. теңге болатын жаңа «Дене шынықтыру – сауықтыру» кешені бой көтеріп, жас спортшыларды қарсы алуға есігін айқара ашты.
«Интегрострой» ЖШС директоры Б.Искаков, аудан әкімі С.Мақашов пен жас спортшылар, ата-аналары, бапкерлер мен ардагерлер қатыстысқан салтанатты шараның лентасын аймақ басшысы Қ.Көшербаев пен Төретам кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Арықов қиды.
– Облыс 16 аймақтағы білім, денсаулық, спорт, әлеуметтік салаға ең көп қаржы бөліп отырған аймақ. Бұл адами капиталға жасалған үлкен қамқорлық әрі мүмкіндік. Саламатты өмір салтын насихаттау мәселесін Елбасы мемлекеттің үлкен ұстанымы деп жариялаған болатын. Өскелең ұрпақтың білімі – терең, денсаулығы – мықты болса, еліміздің болашағы да мәнді болмақ. Осы балалардың игілігіне салынған спорт кешені көңілге көп үмітті ұялатады, – деді аймақ басшысы.
Мұнан соң Қ.Елеуұлы ғимараттың ойын залдарын аралап, баскетбол бөлімшесінің қатысушыларының жаттығу сәтіне куә болды. Төретам кентіндегі спорт ошағының ашылу салтанатынан соң, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған топ Жосалы кентіне ат басын бұрып, мұндағы активтермен кездесті.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
02 шілде 2018 ж. 1 865 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930