» » Спорт кешені: құрылыс қарқынды

Спорт кешені: құрылыс қарқынды

Спорт – денсаулық кепілі. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Жосалы кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы өткен жылы күзде басталған болатын. Бұл – спортсүйер жастар үшін жасалып отырған үлкен мүмкіндік. Нысан қашан ашылады? Біліп қайттық.
Кенттегі бұқаралық-көпшілік спортты дамытуда салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сапақ» ӨК жүргізіп жатыр. Тапсырыс беруші аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС техникалық қадағалаушы. Құрылыс жұмыстары былтыр қазан айында басталған.
– Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 25 адам тартылған. Барлығы дерлік осы ауданның жігіттері. Құрылыс жұмысы көбейгенде қосымша тағы адамдар аламыз. Жұмыс таңғы сағат 7.00-ден басталады. Арасында түскі үзілісі бар, кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Айлық тұрақты, уақытымен. Бұйырса тамыздың соңына дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталады, – дейді «Сапақ» ӨК басшысы Бекболат Есанов.
Қоғамдық маңызға ие спорттың адам өмірінен алар орны зор. Мемлекет те бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келеді. Содан болар елдің түкпір-түкпірінде спорт кешендері бой көтеруде.
Спорт кешені көпшілік көңілінен шығатындай етіп салынуда. Сыртқы келбетінің өзі алыстан көзтартып тұр. Алдағы уақытта құрылыс толық аяқталып, спортшылар үшін қолайлы, барлық жағынан талапқа сай болады деп күтілуде. Қысқасы, мұнда спортпен шұғылдануға мүмкіндік мол болмақ.
 «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі». Спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Жосалы кенті – Қармақшының болашақ келбетін түзбек. Себебі, спорт кешені халық игілігіне жарап, талай спорт майталмандарының ошағы болмақ.
Айтпақшы, ғимарат заман талабына сай салынуда. Санаулы сәттерден соң жаңа кешен жас спортшылар мен аудан тұрғындарын қарсы алуға есігін айқара ашпақ.
Айнұр ӘЛИ
19 шілде 2022 ж. 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930