» » Құрылыс қарқыны қандай?

Құрылыс қарқыны қандай?

ҚҰРЫЛЫСШЫ – ЕҢ БЕЙБІТ, ЖАСАМПАЗ МАМАНДЫҚТЫҢ БІРІ. БҰЛ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ ЖАЗДЫҢ АПТАП ЫСТЫҒЫНА, КҮННІҢ ҮСКІРІК СУЫҒЫНА, АУА-РАЙЫНЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІНЕ ТОСЫЛМАСТАН ЕҢБЕК ЕТІП, ҚАЛЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ЖАҢА БАСПАНА НЕМЕСЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ, МЕКТЕП, АУРУХАНА СЕКІЛДІ НЫСАНДАРМЕН ҚУАНТЫП ЖҮРЕТІНІ АНЫҚ. ҚАНДАЙ ДА ҒИМАРАТТА ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ ҚОЛТАҢБАСЫ ҚАЛУДА. АЛ ОСЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІП, ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ЖАСАП НАЗАРҒА АЛАТЫН АРНАЙЫ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ. БІЗДІҢ АУДАННЫҢ ДА ЖЫЛ САНАП ӨРКЕНДЕП, КӨРІКТІ МЕКЕНГЕ АЙНАЛУЫНА ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҮЛЕСІ ЗОР.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарар жұмысы ауқымды. Кез келген жаңа жоба, жаңа нысанның көзге көрінбес жұмысының барлығын осы бөлімнің мамандары атқарады. Аудандық құрылыс бөлімі ұсынған мәліметке сәйкес, өңірде бірнеше нысанның құрылысы қарқынды жүруде.
– Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ауданға қарасты Байқоңыр қаласында «50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы» обьектісінің құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлінді. Сондай-ақ конкурс жұмыстары ұйымдастырылып, жеңімпаз деп танылған мердігерлермен келісім-шарт жасалды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталды. Енді осы объектіні инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету жобалары жүзеге асырылуда. Нақтырақ тоқталсам, 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысын кәріз және ауыз су жүйелерімен, сыртқы электр жүйелерімен, газбен, жылумен қамтамасыз ету жұмыстарына конкурс ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта мерді­герлермен бірлесе жұмыс жасалмақ, – дей­ді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Айдын Серікұлы.
Аудан аймағында мұнан өзге де атқарылып жатқан істер көп. Соның бірі – Төретам кентін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы. «Аталған жоба бойынша 15 шақырым су құбыры тартылуда. Оның 8 шақырымы магистральді. Аталған құрылыс жұмыстарын тамыз айында толық аяқтау жоспарланып отыр» деп атап өтті бөлім басшысы.
Сондай-ақ Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау бойынша да құжаттамалық жұмыстары дайын. Конкурс аяқталып, мердігер компания анықталған. Құрылысы басталып та кетті. Ендігі мақсат – талапқа сай жұмыстың жүргізілуінде.
Алдағы уақытта кент көркін ашып, көпке көмегін тигізер тағы бір нысан бой көтермек. Ол кентіміздегі спорттық денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы. Бұл обьект бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, конкурс жеңімпазы нақтыланды. Біршама уақыттан соң құрылысы да басталмақ. Бұл нысан кент тұрғындарының сүйікті мекеніне айналары сөзсіз.
Аудан көлеміндегі құрылысы жүріп жатқан аталмыш нысандарға зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Құрылыстың қарқынды жүргізілуі тиісті мекемелер тарапынан ұдайы бақылануда. Себебі талап – қатал, жұмыс – тұрақты болғанда ғана сапалы нәтиже көрсетеді.
Міне, жоғарыда аталған жұмыстар аудандағы құрылыс бөлімінің алты айда атқарған жұмысының бір парасы ғана. Жыл аяғына дейін әлі де біраз құрылыстың іргетасы қаланып, біршама объектінің іске қосылатыны анық.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
31 шілде 2021 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031