» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

23 тамыз күні Құрылысшылар күніне орай өткен салтанатты жиында аймақтың үздік құрылысшыларына құрмет грамотасы, алғыс хаттар мен құрметті құрылысшы атағы табысталды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақтың осы салада қол жеткізген табыстарын атап өтті.
«Құрылысшылардың ерен еңбектерінің арқасында бүгінгі күні біздің өңіріміз құрылыс қарқыны бойынша алдыңғы қатарда келеді. Соңғы бес жылда 200 әлеуметтік нысанды пайдалануға бердік. Жалпы ауданы 2 млн. шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне беріліп, 7 мыңнан астам қызылордалықтар қоныс тойын тойлады. Биылғы жылдан бастап тұрғын үй құрылысының «Орда» жол картасы жүзеге асырылатын болады. Облыс бойынша 1747 пәтерді құрайтын 69 тұрғын үйдің құрылысы, сонымен қатар, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын игеру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде»,-деді аймақ басшысы.
Қазіргі таңда, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында жеке инвестиция есебінен көпқабатты 18 тұрғын үйдің, «Болашақ» университеті кампусының, МЖК аясында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы және мемлекеттік бюджет есебінен Жастарға қызмет көрсету орталығының, электрмен, газбен, сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Биыл "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының бағдарламасы аясында аймақта 69 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл ауданы 123,3 мың шаршы метр болатын 1747 пәтерден құралады.
24 тамыз 2018 ж. 1 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930