» » 106 нысан: құрылыс қарқынды

106 нысан: құрылыс қарқынды

Аймақта биыл мемлекеттік бюджет есебінен 60,6 млрд теңгені құрайтын 106 жоба жүзеге асуда. Бұл туралы облыс әкімінің міндетін атқарушы Мархабат Жайымбетов хабарлаған болатын.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен аймақта жүзеге асырылатын құрылыс жобаларының тиімділігін әрі сапасын қадағалайтын арнайы Кеңес құрылып, жұмыс жасауда. Жоспарланған жобалар кеңесте жан-жақты талқыланып, тиімділері ғана қолдау табуда. Бұл ең алдымен бюджет қаржысын тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Сонымен қатар, халық үшін қажетті нысандарды салуды көздейді. Яки, басымдылық әлеуметтік нысандарға беріліп отыр. Облыс әкімінің міндетін атқарушы Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен облыс көлемінде мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан құрылыс нысандарының жағдайы талқыланды.
– Бүгінгі күні мемлекеттік бюджет есебінен 60,6 млрд теңгені құрайтын 106 жобаны жүзеге асыруға 2022 жылға 21,9 млрд теңге бөлінді. Осы қаржыны толық игеріп, құрылыс нысандарын мерзімінде және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуіміз қажет, – деді ол.
Аталмыш жобалар бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары баяндады. Сонымен қатар, биыл облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 25 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 14 әлеуметтік нысан іске қосылады. Ал қалған 8 нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Қт» ақпарат
12 шілде 2022 ж. 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930