» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ГРАНТ БӨЛІНЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ГРАНТ БӨЛІНЕДІ

Облыстық музыкалық драма театрында Медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақта медицина саласын дамыту бойынша өткізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап берді. Атапайтқанда, соңғы 3 жылдан бері қажетті медициналық мамандықтар бойынша резидентураға гранттар бөлініп жатыр, ағымдағы жылы да 25 грант бөлінді. «Биылдан бастап орта мектептер мен медицина колледждерінің үздік бітірушілеріне облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалып отыр. Грант арқылы оларға оқу бітіргенше қолдау көрсетілетін болады. Облыс бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен қажетті мамандықтарға қайта даярлауға 2017 жылы 68 млн. теңге бөлінсе, 2018 жылы 2 есеге ұлғайып, 130 млн теңге қарастырылды. Айта кету керек, биыл мамандарымыз Корея мемлекетінде және Ресей, Татарстан Республикасының Қазан қаласында білімін жетілдіруге, Қытай, Австрия, Ресей мамандарымен тәжірибе алмасып, озық технологияларды енгізуге мүмкіндік алып отыр», - деді аймақ басшысы. Жыл қорытындысы бойынша үздік қызметкер атанған дәрігерлерге 500 мың теңгеге сертификаттартабысталды. Естеріңізге сала кетейік, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес сала медициналық ақпараттық жүйемен 100 пайыз қамтылса, цифрлық технологияларды енгізуге, компьютерлендіруге жергілікті бюджеттен ағымдағы жылға 365 млн теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік те қарқынды дамуда. 2017 жылы 4 жоба іске асырылса, 2018 жылға жалпы құны 14,0 млрд. Теңгені құрайтын 28 жобаны іске асыру жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымынжетілдіру мақсатында соңғы 5 жыл ішінде жалпы құны 27,4 млрд. теңгеге 58 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 49-ы апаттық жағдайдағы нысандарорнына салынды. Атқарылған шаралар жалпы өлім-жітімді 4 пайызға, оның ішінде нәрестелер өлімін 41,2 пайызға, қатерлі ісіктен - 22,8 пайызға, туберкулезден - 2 есеге азайтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, облыс халқының күтілетін өмір сүру ұзақтығы соңғы бес жылда 2 жыл 6 айға артып, 72,2 жасты құрады.


15 маусым 2018 ж. 1 360 1

JeaCold от 28 ақпан 2019 22:47
Amoxicillin Shortage Buy Ganeric Viagra Online viagra Cephalexin 500 Mg Dosages Cialis Andere Medikamente Zithromax Brand

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031