» » Қырымбек Көшербаев әкім ретінде немен қатты мақтанатынын айтты

Қырымбек Көшербаев әкім ретінде немен қатты мақтанатынын айтты


Бүгін Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдегі талантты балалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
«Рухани жаңғыру» аясында білім беру саласына ерекше мән беріп отырмыз. Егер менен «облыстың әкімі ретінде төсіңізді қағып, мақтанатын қай көрсеткішті айтар едіңіз» деп сұраса, онда өндірісті, кәсіпкерлікті немесе ауыл шаруашылығын емес, ең бастысы мектеп бітірген түлектерді атап өтер едім. Ерекше атап өтетін жәйт - 2017 жылы мектеп бітірген облыс түлектерінің 97 пайызы жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсті. Бұл өте үлкен жетістік деп ойлаймын. Осы жастар ертең еліміздің жаңаруына жаңалықтармен таңғалдыратын азаматтар, елге тірек болады», - деді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде. 
Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, осы мақсатта талантты да талапты балаларымыздың заманауи ілім-білімді игеруі, өркениет талаптарына сай болуы үшін барынша жағдай жасалуда. Бүгінгі күні 452 түлек келісімге сәйкес, Ресей Федерациясы Үкіметінің бюджеті есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтың беделді де белді инженерлік жоғары оқу орындарында оқуда. 
Осы жазда алғашқы 78 түлек келеді деп күтілуде. Ал, биылдан бастап М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті «Киберқауіпсіздік» және «Процестерді математикалық моделдеу» мамандықтары бойынша Сыр жастарына 20 грант бөлетін болды. 
Сонымен қатар, Татарстанның Президентімен жыл сайын 20 адамды (өңір есебінен) ақпараттық және цифрлық технологиялар бойынша Иннополис университетінде оқыту туралы келісім бар. 
Айта кетейік, жыл сайын облыс әкімінің грантымен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 100-ге жуық дарынды ауыл балалары аймаққа қажетті мамандықтар бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына жіберілуде. Бүгінде осындай гранттарға 700-ге жуық адам ие болды. 
Биыл осы бағдарлама бойынша 159 дарынды баланы оқытуды, оның 70%-ын болашағы бар ІТ- мамандықтарына бағыттау жоспарлап отыр. Мұнымен қоса, «Серпін» бағдарламасы бойынша төрт мыңнан аса жас білім алуда.
23 мамыр 2018 ж. 1 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031