» » Аймақ басшысының орынбасары құрылыс нысандарын аралады

Аймақ басшысының орынбасары құрылыс нысандарын аралады

СЕНБІДЕ АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНА СӘЙКЕС ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ ІС-САПАРМЕН АУДАНДА БОЛЫП, БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ.
Алдымен Байқоңыр қаласына іргелес орналасқан Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіне тартылып жатқан табиғи газдың құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта Төретам кентін газдандыру жұмыстарын бастау үшін биылғы жылға республикалық және аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңы аясында өткізілген конкурс нәтижесімен «Алия-Сервис» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Бүгінде кенттің төрт көшесіне газ құбыры тартылып, әрі қарай жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімінің орынбасары жұмыстың барысын көріп, құбырдың сапасын тексерді.
Мұнан соң, кенттегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 640 орындық No85 орта мектептің жұмысын тексерді. Аталмыш білім ордасы 1979 жылы бой көтеріп, содан бері жөндеуден өтпеген әлеуметтік нысандардың бірі. Биылғы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуге алынған. Келісім-шартқа сәйкес құрылыс жұмыстарын желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Дегенмен, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, білім ордасының негізгі оқу ғимаратын жаңа оқу жылына дейін аяқтау мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов мердігерге жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтау қажеттігін тапсырды.
Аймақ басшысының орынбасары одан кейін Байқоңыр қаласында құрылысы жүріп жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің жұмысын көрді. Көп қабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда.
Айта кетсек, бұл соңғы 30 жыл ішіндегі ғарыш айлағында баспанамен қамту бағытында жүзеге асырылып жатқан екінші жоба болып табылады. Бұған дейін 2019 жылы бюджеттік сала қызметкерлері мен тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар 50 пәтерлік 5 үйге қоныстанған болатын.
Одан соң сапарын Ақай ауылында жалғастырған облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов мұнда тартылып жатқан табиғи газ құбырының құрылыс жұмысын және «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жұмыстарын бақылады. Бүгінде нысанның жалпы ауданы 1 гектарды алып жатыр. Басты мердігер – «Өмірзақ» ЖШС. Ғимараттың бой көтеруіне республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінген.
Сонымен қатар аймақ басшысының орынбасары Жосалы кентіндегі No121 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалады. Білім нысаны 640 оқушыға арналған. Ғимаратты тексеру кезінде оның сапасына аса мән беріп, мердігерге мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
30 тамыз 2022 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031