Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Байқоңыр қаласы мен Төретам кенті және Ақай ауылдық округтеріндегі құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарды аралады.
Сапар барысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы Байқоңыр қаласындағы №275 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарымен, Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназиясының ағымдағы жөндеу жұмыстарымен, Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы стансасын кеңейту және қайта құрылымдау жұмысымен, Нұртуған жырау, А. Құнанбайұлы, Құлқашев, Ы.Жақаев көшелеріндегі орташа жөндеу жұмыстарымен және №27, №29 көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыру жұмыстарын арнайы аралап көрді. Сонымен бірге Төретам кентіндегі спорткешені ғимараты жанынан жаңадан салынатын стритбол ойын алаңының орналасатын жерін және Ақай ауылдық округінде орналасқан №13 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының ғимаратына жүргізіліп жатырған ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан әкімі Мұса Оспанұлы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында көптеген игі бастамаларды жүзеге асырғалы отырмыз. Ауданымыздың тұрғындары жұмыспен қамтылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілуде. Атап айтқанда бағдарлама шеңберінде ауданымызды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады» деп атап өтті. Сонымен қатар аудан басшысы мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, әлеуметтік нысандарда жасалып жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін бақылау басты назарда болатынын жеткізді. Жұмыс сапары барысында Төретам кентінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аралбаев Смағұл және кент тұрғыны Әділбек Өтебаевпен нысандарды бірге аралап, ұсыныс пікірлерімен бөлісті.
"Қт" ақпарат