» » Облыс әкімінің орынбасары нысандарды аралады

Облыс әкімінің орынбасары нысандарды аралады

ӨТКЕН АПТАДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ СЕРІК СҮЛЕЙМЕНОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНҒА КЕЛІП, АУДАН БАСШЫСЫ МҰСА ҚАЛДАРБЕКОВПЕН БІРГЕ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ.
Алдымен Төретам кенті мен Ақай ауылындағы жолдардың орташа жөндеу жұмыстарын көрді. Электр желілері мен түнгі жарық бағаналарының сапасын бақылады. Мекеме басшылары өз салаларына қатысты жұмыстарды таныстырып, барлығы талапқа сай жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Мұнан соң Төретам кентіндегі 35/10 кв №22 қосалқы стансаның кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары бойынша, сондай-ақ Төретам және Ақай ауылындағы 6-10/0,4кв электр желілерін қайта жаңғыртудағы атқарылып жатқан жұмысын тексерді.
Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Жосалы кентіндегі газдандыру жұмыстарымен танысты. Бүгінгі күнге дейін газ жүргізу барысында кентте 6 дана ГРП құрылысы салынып, аумағы бойынша жобаға сәйкес көшелерге газ құбыры жүргізіліп, құрылыс жұмыстары толық аяқталып отыр. Нақтырақ айтсақ, жоба бо­йынша ШРП-ның 2657 данасы орнатылып (оның ішінде 57 данасы ГРПШ көппәтерлі тұрғын үйлерге), жерасты газ құбырларын жүргізу және әуе желісі арқылы газ жүйесін жүргізу 100 процент орындалған. Әуе желісі арқылы жүргізілген газ трубаларын сырлау, бетондау, тақтайша мен жол белгілерін орнату, басқару шкафтарын (ШРП) газ желісіне жалғау жұмыстары толығымен аяқталған. Ендігі кезекте «Қызылорда газ тарату жүйесі» мекемесі арқылы газ желісін жеке тұрғын үйлерге дейін тарту және қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Қарқынды тірліктің жай-жапсарымен танысқан облыс әкімінің орынбасары кентті газға қосу жұмысын сапалы жүргізілуін қадағалауды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Серік Жүсіпұлы мұнан соң аудан сыртындағы жаз-қыс мезгілінде балалар демалысына арналған лагерь объектісінің құрылыс жұмысын зерделеді.
Жұмыс сапарын қорытындылау мақсатында облыс басшысының орынбасары аудан әкімдігінде мәжіліс өткізді. Басқосуға облыстық басқарма басшылары мен коммуналдық мекеме және серіктестік директорлары қатысып, өз салалары бо­йынша атқарылып жатқан жұмыстар мен мәселелерді қозғады. Жиын соңында аймақ басшысының орынбасары С.Сүлейменов ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, айтылған мәселенің барлығы назарда болатынын жеткізді. Аудан басшысы Мұса Оспанұлы әрбір жобаның ұсынысын тыңдап, оған қолдау көрсеткен облыс әкімінің орынбасарына алғысын білдірді.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ


18 мамыр 2021 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 185

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 302

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930