» » Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы жұмыс сапарымен Қармақшыда болды

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы жұмыс сапарымен Қармақшыда болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы мен Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы стансасын кеңейту және қайта құрылымдау жұмысының барысын көрді. Онан кейін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы Ақай ауылындағы №17 «Алақай» балабақшасы ғимаратында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сонымен бірге сапара аясында Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасын және құрылымдық бөлімі Төретам кенті ауруханасын аралады. Дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеттерін, мүгедектерге арналған бөлмесімен, провизорлық стационар жұмысын және жабдықталуын арнайы аралап көрді.

Сондай-ақ Байқоңыр қаласындағы №275 мектеп ғимаратына жүргізіліп жатқан ағымдағы құрылыс жұмыстарын көрді. Бүгінгі күні ғимараттың жылу жүйесі мен қабырғаларының әрлеп сырлау жұмыстары аяқталған. Есіктері мен терезелері жаңартылған.
Мұрат Бақтиярұлы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын бақылап, кезекші сыныптарды енгізу, мектепте карантиндік талаптарды сақталуы және білім берудің онлайн форматына ауысу мәселесі туралы ой-пікір алмасты. Мемлекеттік білім беру стандарттары бойынша ұсынысын білдіріп, шешу жолдары талқыланды. «Педагог мәртебесін» сақтау қажеттілігін атап, білім беру сапасы мен саладағы қазіргі бәсекелестік деңгейінің артқанын жеткізді. Сонымен бірге сапар аясында Төретам кентінде ашылуға дайындалып жатырған саудан үйін және базарды аралап көрді.
Төретам кентінде биылғы жылы Абай, Жахаев, Нұртуған жырау, Құлқашев көшелеріне орташа жөндеу мен жарықтандыру жұмыстары, тренажерлық және стритболдық алаңының құрылысы, Жанқожа батыр көшесіндегі №27, №29 көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру мен №80 орта мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Жұмыс сапары барысында Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Жосалы кентіндегі Қорқыт Ата көшесінде жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарымен танысты.
Бүгінгі күні құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан нысанда жергілікті тұрғындар тартылған және құрылыс жұмыстарында өңірімізде шығарлыған тауарлар пайдалануда. Құрылыс барысында пайдаланылып отырған шикізат көздері құм, шебен, бручаткалар өзіміздің өңірдің тауарлары. Бұл жұмыстар да өзіміздің өңірдің тауар өндірушілеріне қолдау екендігін халық қалаулысы Мұрат Бақтиярұлы айтып өтті.
Жосалы кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды №15 мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратының құрылыс жұмыстарымен және балалар кітапханасы ғимараты мен №6«Айсұлу» балабақшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы бойынша 3 млрд. 550 мың теңгенің көлемінде 40 жоба іске асырылуда. Осы жобалар аясында жалпы 804 жұмыс орны, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы тіркеуде тұрған 409 адам жұмыспен қамтылуда.
Сонымен бірге сапар қорытындысында Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы орталықтағы жаңадан жұмысы жүргізіліп отырған мал бордақылау нысанында болып, кәсіпкерлермен кездесіп атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, тілектестігін жеткізді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
12 тамыз 2020 ж. 792 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031